М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
08.09.2020

ММУ Қазақстан филиалының студенттері International Mathemаtics Competition олимпиадасының жеңімпаздары атанды


2020 жылғы 25-30 шілде аралығында математика бойынша International Mathemаtics Competition (IMC) атты Халықаралық студенттік олимпиадасы болып өтті. Биылғы жылы тұңғыш рет онлайн-форматта өткізілген математикалық жарыста әлемнің 96 университетінен 546 студент қатысты. Қазақстан филиалының студенттері Лондонның Университеттік колледжі ұйымдастырған осынау беделді жарыста өздерін лайықты тұрғыдан көрсете алды.


Снимок экрана (14)s.jpg

 

Қатысушыларды қызықты бағдарлама күтіп тұрды: 25 шілде күні YouTube-каналындаолимпиаданың онлайн-ашылу салтанаты болып өтті; олимпиаданың негізгі бөлімі екі турдан құралды (26 және 27 шілде). Ұзақтығы 4 сағатқа созылған әрбір турда 4 есеп берілді. Қатысушыларға ұсынылған есептер мен олардың нәтижелерін келесі сілтеме бойынша көруге болады https://www.imc-math.org.uk/?act=results. 30 шілде күні олимпиаданың жабылу салтанаты онлайн-форматта болып өтті.


Дайындықтың жоғары деңгейін көрсеткен біздің командамыз 4 награда жеңіп алды. Филиалдың түлегі Бекарыс Бекмаганбетов алтын медальға ие болды және қатарынан үш рет олимпиаданың алтын медалінің иегері атанды. Бекарыс IMC олимпиадасына қатысқан қазақстандық студенттердің ішінде награда бойынша ең рекордсмені болып саналады: ол Филиалда оқыған төрт жыл бойы IMC олимпиадасына қатысып, әр жолы жүлделі орынға ие болып келді. «Математика» бағытының үш бірдей студенті, атап айтқанда, үшінші курс студенті Алишер Айқын, екінші курс студенттері Филипп Денисов және Талант Талипов – қола медальдарын иеленді. «Қолданбалы математика және информатика» бағытының 4 курс студенті Валерий Понамарев грамотаға ие болды.


IMCPrize-72e.jpg


IMCPrize-260e.jpg


Қазақстан филиалы 2016 жылдан бастап жыл сайын IMC олимпиадасына қатысып келе жатыр және жыл сайын лайықты наградаға алып келеді. Бүгінгі күні Филиалдың жеңіс қоржынында 3 алтын медаль (Бекарыс Бекмаганбетов ( 2018–2020 жж;); 3 күміс медаль (Надира Шокетаева (2016 ж.), Ануар Аскергалиев (2018 және 2019 ж.); 7 қола медалі (Александра Журавская (2016–2018 жж.), Бекарыс Бекмаганбетов (2017 ж.), Алишер Айқын (2020 ж.), Филипп Денисов (2020 ж.), Талант Талипов (2020 ж.).


Біз осы атаы аталған студенттерді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға үлкен шығармашылық табыстарға жете беруіне, ғылыми жетістіктерге қол жеткізулеріне тілек білдіреміз!


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.