М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
03.09.2020

Бірінші курстықтар күні – 2020


2020 жылғы 1 қыркүйекте М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында онлайн-форматта Бірінші курстықтар күні аталып өтті.


  1s.jpg


Жаңа оқу жылы Филиал студенттері үшін қоңыр күздің алғашқы күнінде дәстүрлі салтанатпен басталды. Бұл күні бірінші курс студенттері ресми түрде үлкен студенттік отбасының мүшесі болып қабылданды. Университеттің оқытушылары мен қызметкерлері бірінші курс студенттерін жылы сөзбен қошеметтеп қарсы алды.


2s.jpg


Бірінші курс студенттеріне арнап Филиал директоры, экономика ғылымдарының докторы, ММУ-дің еңбегі сіңген профессоры А. В. Сидорович сөз сөйледі. «Біздің бүгінгі сұхбатымыз виртуалды түрде өтіп жатыр, ол - сыртқы себептерден туындаған салдар. Дегенмен, бізді алдағы уақыттарда шын аудиториялардағы шынайы сұхбаттар, тікелей танысу, академиялық өмірдің толыққанды ағыны күтіп отырғанын атап айтқым келеді, - деді директор. – Сіздер келешекке көз жіберіп, көрегендік танытып, дұрыс жол таңдадыңыздар, бұл сіздердің Мәскеу университетінің өзіндік орнын түсінгендеріңізді көрсетеді. Мәскеу университетінің өзі - ерекше мәртебе, бай тарих, оқытудың айрықша деңгейі, университетті бітірген соң алдарыңыздан ашылатын зор мүмкіндіктер. Біз Филиалда білім алып, қазіргі уақытта мемлекеттік органдар мен компанияларда биік лауазымды қызмет атқарып жүрген түлектерімізді мақтаныш етеміз. ММУ Қазақстан филиалы - Қазақстан Республикасындағы Үкіметаралық келісім негізінде қызмет атқарып отырған жалғыз жоғары оқу орны. Алдағы уақытта сіздерге университеттің қандай кәсіби келешек жол ашатынын түсіну мүмкіндігі туады, яғни: іргелі білім беру, биік мәдениетті меңгерту, өз орныңызды саналылықпен түсіну, осы шақ пен болашақтағы өз орныңызды тани білуге тәрбиелеу - міне, біздің миссиямыз осындай, яғни сіздердің болашақ өмір жолдарыңызға айқын жол салуға жетекшілік ету. Сіздерді Мәскеу университетіне түсулеріңізбен құттықтаймын!»


выступающие.png


Филиалдың кафедралары және ММУ факультеттері бірінші курс студенттерін әлемдегі үздік университеттердің біріне оқуға түсуімен құттықтады. Ақ тілектерімен, ұстаздық, ғалымдық кеңестерімен, қолдау жасаған сөздерімен Филиалдың математика және информатика кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Е. Д. Нұрсұлтанов, ММУ-дің есептеу математикасы және кибернетика факультетінің доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты М. П. Заплетин, ММУ Қазақстан филиалы директорының бірінші орынбасары, «Математикалық модельдеу» магистрлік бағдарламасының жетекшісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор С. В. Богомолов, Филиалдағы әлеуметтік-гуманитарлық кафедра меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Р. Ж. Абдильдина, ММУ Қазақстан филиалы филология кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Г. И. Власова, ММУ география факультетінің деканы орынбасары, экология және табиғатты пайдалану кафедрасының меңгерушісі, география ғылымдарының докторы, профессор В. Р. Битюкова, Филиал директорының орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Зубенко, экономика кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, Филиалдың түлегі Ю. В. Баева, сонымен бірге, Қазақстан филиалы Студенттер кеңесінің төрағасы, «Экономика» бағытының үшінші курс студенті Амир Сулейменов сөз сөйледі.


4s.jpg


Бірінші курс студенттері өздері туралы айту үшін және группадағы достарымен танысу үшін арнайы бейнеролик әзірлеп көрсетті. Оның мазмұнынан көрермендер жастардың университетті таңдаудағы шынайы және көңіл толқытарлық сезімдерін жеткізуге тырысқанын анық таныды. Осынау сәттің шынайы маңызын түсіне отырып, жаңа бір жарқын да жан толқытарлық өмір кезеңіне аяқ баса отырып, бірінші курс студенттері Мәскеу университеті студентінің Антын қабылдады. Іс-шараның соыңында Мәскеу университетінің гимні шырқалып, студенттер енді Филиалдағы өздеріне жақын саналатын мамандыққа байланысты кафедраларымен және оқу процесінің ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға ауысты.


Құрметті бірінші курс студенттері! ММУ Қазақстан филиалының ұжымы сіздерді М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің студенті мәртебесіне ие болуыңызбен құұттықтайды. Сіздерге зор денсаулық, талмайтын таным қанатын және оқуда табысты болуларыңызды тілейміз!


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.