М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
04.08.2020

Түлектер күні – 2020



«Біз әлемдік табельдерде, рейтингілерде құрметті орын аламыз, біз Ресейдің ең үздік университеті болып саналамыз. Біз әлемнің аса беделді ғылыми орталықтарының бірі болып табыламыз. Біз барлық білімімізді, тәжірибемізді сіздерге беруге тырыстық. Ал енді – болашақ сіздердікі. Жолдарың болсын!»

ММУ ректоры, академик В.А. Садовничий,

vypusk2020.msu.ru


COVID-19 пандемиясына байланысты карантиндік шектеулерге қарамастан, 2020 жылғы 29 маусымда М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының түлектерін құттықтауға арналған дәстүрлі салтанатты рәсім on-line режимде болып өтті. Осы жылы Мәскеу университетінің дипломын ММУ Қазақстан филиалының 180 түлегі алды.


Небәрі алты жыл ғана бұрын Филиалдың 1000-шы түлегі диплом алған еді, ал 2020 жылы Филиал жаңа кезеңді еңсерді – өзінің 2000-шы түлегін қошеметтеуге қол жеткізді!


5ы.jpg


Салтанатты рәсімді ММУ еңбек сіңірген профессоры, Ресей Федерациясының білім саласының құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті қызметкері, ММУ Қазақстан филиалының профессоры А. В. Сидорович ашты. Александр Владимирович атап өткеніндей, 2020 жылғы түлектерді оқу бітіруімен құттықтау барысы жылдағыдан ерекше форматта өтіп жатқанына қарамастан, Мәскеу университетінің даңқын арттыратын Филиалдың тағы бір түлектерді ұшырғанымыз үшін әрқайсымыз мақтанышы сезіміне бөленеміз. Александр Владимировичтің сөйлеген сөзінде Қазақстан филиалының құрылу тарихы тыңдаушыларының көз алдына келгендей болды. Тарихи кезеңдердің ерекшеліктері туралы айта келе, директор Ресей Федерациясы Үкіметі және Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан филиалының қызмет етуі туралы Келісімді ратификациялаудың маңызының өзіндік орнын атап өтті.


2s.jpg


ММУ және Филиалдың келесі оқытушылары түлектерді құтттықтады және тілек білдіру сөздерін білдірді: физика-математика ғылымдарының докторы, К. Сатпаев атындағы премияның лауреаты, ММУ Қазақстан филиалының математика және информатика кафедрасының меңгерушісі Нұрсұлтанов Ерлан Даутбекович; физика-математика ғылымдарының докторы, ММУ ВМК факультетінің профессоры, Филиалдың «Математикалық модельдеу» магистрлік бағдарламасының жетекшісі Богомолов Сергей Владимирович; филология ғылымдарының докторы, ММУ Қазақстан филиалының филология кафедрасының меңгерушісі Власова Галина Ивановна; география ғылымдарының докторы, ММУ География факультетінің деканы орынбасары Битюкова Виктория Расуловна және экономика ғылымдарының кандидаты, Мәскеу университетінің экономика факультетінің доценті Никитина Нина Игоревна.


Сөз сөйлеушілер түлектерге арнап өздерінің жүрекжарды жақсы сөздерін арнады, түлектердің өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін жүзеге асыра алатынына, әлемнің үздік университеттерінің бірі - Мәскеу университеті берген білімдерін елінің игілігі мен гүлденуі үшін жұмсайтындықтарына деген үлкен сенімдерін білдірді.


7s.jpg


Түлектерді құттықтау рәсімінің ажырамас бөлімі – түлектердің сөзі болатыны белгілі. Биыл сондай құрметті сөз иесі ретінде «Экономика» бағытының магистрі Пак Евгенияға және «Филология» бағытының бакалавры Еремина Екатеринаға берілді. Туған Филиалына, білім беру барысында сабырлылық, шыдамдылық танытып, өз білімі мен тәжірибесін, қолдауын көрсетіп отырған оқытушылары мен қызметкерлеріне алғыстарын білдіре отырып, сөз сөйлеуші түлектер үлкен жолды бастап тұрғандарын, келешекте мол жақсылықтар жасауға ұмтылатынын, Мәскеу университеті мен Қазақстан филиалының студенттік ұжымына мәңгі адал болып қалатынын айтып сендірді.


Оn-line формат болғанына қарамастан, ММУ Қазақстан филиалы түлектерін құттықтау -2020 рәсімі өзінің салтанаттылығы мен жүректі тебірентерлік сәттері мол болуымен айрықша өткізілді. Салтанатты рәсім соңында құттықтаулар мен виртуалды отшашу болып, қатысушылардың қуанышын молайта түсті.


Дипломдарды тапсыру 30 шілде күні Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқу-лабораториялық кешенінде, бекітілген график бойынша, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізілді.


IMG_9855s.jpg

 


Құрметті түлектер!

 

Сіздер өмірдің жаңа кезеңіне аяқ бастыңыздар. Алдарыңыздан жаңа жолдар ашылып, жаңа көкжиектерден келешектің келбеті байқалуда. Мәскеу университетінде сіздер білім алдыңыздар, ендігі ретте сіздерге әрдайым табыс пен бақытты сәттер мол болсын деп тілек білдіреміз! Білімдеріңіз сіздердің сенімді серіктеріңіз болсын, бақыт шыңына жеткізер игілікті жол болсын!



Фото: К.С. Байрактар



>>> Түлектер - 2020 жыл фотогалереясы



2020 жылғы түлектерді 2014 жылғы түлек

Акимжанов Халел Рахимовичтің құттықтауы




Түлектер-2020 бейнежолдаулары


"Математика" бағыты бакалаврлары


"Қолданбалы математика және информатика" бағыты бакалаврлары


"Филология" бағыты бакалаврлары


"Экология және табиғатты пайдалану" бағыты бакалаврлары


"Экономика" бағыты бакалаврлары


"Экология және табиғатты пайдалану" бағыты магистрлері



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.