М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
30.05.2020

Орыс тілі мен әдебиеті апталығы


22 -29 мамыр аралығында Орыс тілі мен әдебиеті апталығы болып өтті. Апталық Славян жазуы мен мәдениеті күніне арналып өткізілді. Іс-шаралардың барлығы қашықтан өткізілді, оларға барлық бағыт студенттері қатыстырылды.


Тенгриs.jpg


Орыс тілі мен әдебиеті апталығының беташар іс-шарасы ретінде «Тенгри» клубының мәжілісі өткізілді. Кештің тақырыбы «Соғыс жылдарындағы поэзия» деп аталды. Олай аталуы кездейсоқ емес-ті, биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған еді. Соғыс жылдары туралы өлең-жырлар тек сол жылдар оқиғасының көрінісі ретінде ғана емес, сонау қиын жылдардың куәсы болған, қиындықты басынан өткерген адамдардың сезімдері мен арман-тілектерін де білдіретін жәдігерлер екені де белгілі.


22 мамыр күні бұл мәжіліске 70 адам тіркеліп, қатысты: Филиалдың оқытушылары мен барлық бағыт студенттері қатысты.


Конференцияs.jpg


Орыс тілі мен әдебиеті апталығының екінші бір айрықша іс-шарасы «Жазу тарихы; дәуірлердің мәдени мирасы» тақырыбында оқу-студенттік конференциясы болды. Оған «Филология» бағытының бірінші және екінші курс студенттері қатысты.


27 мамыр күні конференцияға 40 адам тіркеліп, қосылды, олар: филология кафедрасының оқытушылары мен студент-филологтер.


Обсуждение фильмовs.jpg


Үшінші іс-шара 28 мамырда болып өтті, мұнда «Звезда пленительного счастья» және «Союз спасения» атты, декабристер туралы фильмдер талқыланды. Декабристер көтерілісінің болып өткеніне 195 жыл толған еді.


Талқылауға 40-тан астам адам қатысты: олар: филология кафедрасының оқытушылары мен 1 курс филолог және экономист студенттер.

 


Литературная эстафетаs.jpg


Апталықтың төртінші іс-шарасы болып «Мерейтой иелері - жазушылар» атты әдеби эстафетасы өткізілді.


29 мамыр күні Discord платформасына 16 адам қосылды олар: филология кафедрасының оқытушылары мен 1, 2, 4 курс студенттері.


Эстафета 4 кезеңнен құралды. Онда студенттер белгілі тұлғалар С. Грибоедов, И. А. Бунин, Б. Л. Пастернак пен А. П. Чеховтың өмірі және шығармашылығы туралы тапсырмалар орындауы тиіс болды.


Эстафетадан соң студенттер өз әсерлерімен ой бөлісті. Осы форматтағы тапсырмалар беріліп өткізілген іс-шараның тартымдылығы туралы «Келесі жылы осы форматты таңдап, оның қызығушылықты дамытатын пайдалы мүмкіндіктерін пайдаланғымыз келеді», - деп, қызығушылықпен айтып берді.


Ең үздік әдеби қойылым мен өлең оқу конкурсы «Абай және Пушкин – қос жүректің үндесуі» тақырыбындағы конкурста көрсетілді. 22-28 мамыр күндері сырттай форматта өткізілген бұл іс-шараға студенттер өздері әзірлеген бейнероликтерін салып жіберген болатын.


Тапсырма келесі мазмұнда берілген болатын: студенттер орыс әдебиетінен алынған бір туынды бойынша театрландырылған қысқа сахналық көрініс әзірлеп, бейнеролик арқылы оны монтаждап конкурсқа салу керек. Конкурсқа 2 бағыт студенттері қатыстырылды: «Математика» және «Қолданбалы математика және информатика».



Жеңімпаздардың әзірлеген жұмыстарымен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://drive.google.com/open?id=1nR2U2hWs5eWwC-dJKs_JUgcjVQli3nOj


Орыс тілі мен әдебиеті апталығына қатысқан барлық студенттерге алғысымызды және оқу жылын табысты аяқтауына тілек білдіреміз! Сіздерді тағы да күтеміз!

 

[нақтырақ...]



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.