М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
21.04.2020

Филиал студенттеріне «Экономикалық Олимп» бағынды!


эо.jpgММУ Қазақстан филиалының «Экономика» бағытындағы 3 курс студенттері экономика бойынша өткен «Экономикалық Олимп-2020» Халықаралық ғылыми, әдістемелік және шығармашылық жұмыстар конкурсының жеңімпаздары болды.


«Экономикалық Олимп-2020» конкурсын жыл сайын Ресей білімді дамыту порталының Бастамашыл ұйымдастыру комитеті 2012 жылдан бастап шетелдік серіктестердің қолдауымен өткізіп келеді. Конкурс Ресейдің экономикасының, халық шаруашылығының қызмет етуінің, Ресейдің қаржылық, банкілік, салықтық жүйесі қызықтыратын, сонымен бірге есеп, аудит, әлемдік экономиканың дамуы, экономика мен оны басқару саласындағы инновациялық процестермен байланысты мәселелерді қарастырып жүрген жастардың арасында өтеді. Осы оқу жылында Конкурс 2019 жылғы 18 қараша мен 31 желтоқсан аралығында өткізілген болатын. Нәтижелері 2020 жылғы 14 сәуірде қорытындыланды.


Экономика мамандығының үшінші курсында оқитын студенттер Джамиля Алиева, Газиза Дарменова, Диана Карасай, Райымбек Салимов, Надия Фазылова, Дарья Кузина, Андрей Лобадинский, Иван Покровский, Галамат Казымов ғылыми жетекшілері э.ғ.к., ассоциациялық профессор С. С. Сапарбаева мен экономика кафедрасының ассистенті А. А. Тлеугулованың басқаруымен Конурсқа («Қаржылық талдау: практика және нәтижелер» бағыты бойынша) қатысқан болатын. Конкурста студенттер «Қазақстан Республикасының тамақ өндіру саласын қаржылық талдау» және «Қазақстан Республикасының мұнай өндіру саласын қаржылық талдау» тақырыптарындағы жұмыстарын ұсынған еді.


Қазылар алқасы біздің студенттердің жұсыстарындағы өзектілік пен ғылыми жаңалықты атап өтті, оларға үшінші орын берілді және дипломдармен марапатталды.


Ғылыми жетекшілер атап өткеніндей, бұл зерттеулер практикалық тұрғыдан құнды болып табылады: алынған нәтижелерді курстық жұмыс жазғанда немесе бітіру біліктілік жұмыстарын жазуда анықтамалық-талдау материалдары ретінде пайдалануға болады.


«Олимпиялықтардың» алдағы уақытта да зор табыстарға жете беруіне тілектеспіз!





© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.