М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
14.03.2020

ММУ проректорларымен кездесу


IMG_1346s.jpg


2020 жылғы 13 наурызда ММУ Қазақстан филиалына ММУ проректоры, Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Юрий Александрович Мазей және ММУ-дің капиталды құрылыс және инфрақұрылымдық даму проректоры Алексей Павлович Бирюков келген болатын. Кездесуге ММУ Қазақстан филиалының директоры А.В. Сидорович, директордың орынбасарлары Т. Г. Котлярова және А. И. Оразбаева, кафедра меңгерушілері мен олардың орынбасарлары қатысты.


11 наурызда ММУ ректоры В.А. Садовничиймен болған кездесуінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Н.Ә.Назарбаев ММУ Қазақстан филиалына жаңа ғимарат– оқу және жатақхана корпустары беріліп жатқаны туралы хабарлаған болатын. Проректорлар Ю. А. Мазей мен А. П. Бирюков Нұр-Сұлтанға сол ғимараттарды тапсыру жөніндегі мәселелер бойынша және ғимараттарды жаңа оқу жылына дайындау жұмыстары бойынша келген болатын.


IMG_1346s.jpg


Ю. А. Мазей, ММУ филиалдарының жұмыстары бойынша жауап беруші тұлға ретінде, Қазақстан филиалының алдында тұрған іргелі міндеттерді атап көрсетті және осы кезге дейінгі қызметін жоғары бағалады. А. П. Бирюков өз сөзінде Мәскеу университетінің Ынтымақтастық мемлекеттерінің арасындағы қарым-қатынастың дамуына Мәскеу университетінің қосып жатқан үлесі туралы ерекше айтып өтті. Филиалды қолдау жағынан ММУ-дің жасап жатқандары және жаңа корпустарды келесі оқу жылына дейін дайындау қалай жүзеге асырылатыны туралы айтты.


IMG_1398s.jpg


Кездесу барысында оқытушылар Филиалдың және Мәскеу университетінің өзекті мәселелері жөнінде, білім беруді және ғылыми жұмысты жетілдіру жөнінде сұрақтар қойды. ММУ проректорлары Ю. А. Мазей мен А. П. Бирюковтың ММУ Қазақстан филиалына келуі –Филиал өміріндегі елеулі оқиға деп бағаланады.



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.