М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
15.01.2020

Филиалдың жоғары сынып оқушыларына арналған математикадан Олимпиада –2019 бойынша қорытынды жарияланды


2019 жылғы 18 қараша – 19 желтоқсан аралығында М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында жоғары сынып оқушыларына арналған математикадан Олимпиада- 2019 болып өтті.


Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар келесідей белгіленді:


1. Жеңімпаздар Дипломымен келесі оқушылар марапатталды:


Щенявский Даниил - Нұр-Сұлтан қаласындағы №27 мектеп лицейдің 11 сынып оқушысы.


2. Жүлдегерлер Дипломымен келесі оқушылар марапатталды:


Мухамбетов Данияр – Кентау қаласындағы «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаттың 11 сынып оқушысы.


Ященко Елизавета – Қарағанды қаласындағы №38 гимназияның 10 сынып оқушысы.


Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері келесідей жеңілдіктерге ие болады:


1. Жеңімпаз – математика пәні бойынша қарқынды дайындық курсына 100% жеңілдікке ие болады.


2. Жүлдегерлер – талапкерлерге арналған математика пәні бойынша қарқынды дайындық курсына 50% жеңілдікке ие болады.


Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз және 2020 жылғы 16 ақпанда болатын Ашық есік күні Диплом тапсыру салтанатына шақырамыз.


Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондармен хабарласу: 8 (717)2 354387 немесе келесі мекенжайға хабарласу: Нұр-Сұлтан қаласы. Қажымұкан көшесі, 11, 7 қабат, 705 каб.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.