М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
25.12.2019

А.С.Табелинованы география ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін іздену бойынша ұсынылған диссертациясын табысты қорғауымен құттықтаймыз!


 

 

 

Филиалдың түлегі, экология және табиғатты пайдалану кафедрасының аға оқытушысы

Аида Серикпаевна Табелинованы

 

география ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

іздену бойынша ұсынылған диссертациясын табысты қорғауымен

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!




2019 жылғы 24 желтоқсанда ММУ диссертациялық кеңесінде А.С.Табелинованың «Каспийдің солтүстік-шығыс маңы ландшафтілеріндегі табиғи және антропогендік процестер (Қазақстанның Маңғыстау және Атырау облыстары)» тақырыбында 25.0036 - Геоэкология (географиялық ғылымдар) мамандығы бойынша география ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін іздену бойынша диссертация қорғауы болып өтті.


WhatsApp Image 2019-12-26 at 15.58.52-s.jpg


Аида Серикпаевна Филиалдың «Жас оқытушы» бағдарламасының қатысушысы болып табылады. Осы бағдарламаның тірек болуына орай, ол диссертация жазу барысында қажетті қолдаулар алып отырды және ММУ География факультетінің сырттайғы бөлім аспирантурасында оқыды.


2010 жылы Аида Табелинова ММУ Қазақстан филиалын «Экология және табиғатты пайдалану» мамандығы бойынша өте жақсы аяқтады, ал 2012 жылы ММУ география фаультетінің физикалық география және геоэкология кафедрасында магистратураны оқып шықты.




2012 жылдан бастап Филиалдың оқытушысы қызметіне кірген Аида Серикпаевна өзін жақсы маман ретінде көрсете білді. А. С. Табелинова «География», «Материктердің физикалық географиясы», «Геоэкологияға кіріспе», «Табиғатты пайдаланудағы картография жасау», «Геоинформатика», «Табиғатты пайдалану мен экологиядағы ГИС-технологиялар» деген курстарды жүргізеді. Сонымен бірге, талапкерлерге арналған география пәні бойынша дайындық курстарын жүргізеді.

 

А. С. Табелинованың ғылыми жетекшісі – география ғылымдарының кандидаты, ММУ география факультетінің әлемнің физикалық географиясы және геоэкологиясы кафедрасы лабораториясының меңгерушісі Николай Михайлович Дронин. Екінші ғылыми жетекшісі  - география ғылымдарының кандидаты Миланова Елена Валентиновна.



WhatsApp Image 2019-12-26 at 15.43.32++s.jpg


М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының ұжымы шын жүректен Аида Серикпаевна Табелинованы, «Экология және табиғатты пайдалану» бағыты бойынша үздік түлектердің бірін, диссертацияны табысты қорғауымен құттықтайды және алдағы уақытта ғылыми және шығармашылық табыстар тілейді!



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.