М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
10.12.2019

Филиал Директоры, профессор А.В. Сидорович Қазақстан Республикасының еуразиялық интеграциясы мәселелеріне және дамуға арналған конференцияларға қатысты





image002s.jpg

© ortcom.kz


2019 жылғы 9 желтоқсанда Филиал директоры, профессор А.В. Сидорович Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялық Қызметі алаңында болып өткен «Президент Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: алғашқы қорытындылар» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Іс-шараны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Еуразиялық интеграция институты және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялық Қызметі.


А. В. Сидорович «Экономика мен қоғамның жаңғыруы жағдайындағы тұрақты даму негіздері» тақырыбында баяндама жасады.


image004s.jpg


29 қарашада Филиал директоры, профессор А.В. Сидорович «Еуразиялық экономикалық интеграция» атты ХІҮ жылсайынғы Халықаралық конференцияға қатысты. «Еуразиялық экономикалық интеграция» конференциясы 2008 жылдан бастап Еуразиялық ұлттық банк ұйымдастыруымен жыл сайын өткізіліп келеді және өзін қарым-қатынас жасаудың, ақпарат алмасудың, қаржы институтының, үкімет органдарының, экономикалық субъектілер әрекетінің тиімді алаңы ретінде дәлелдей алды. Конференцияның пікірталас түріндегі сипаты және талқылау барысында жасалынатын ұсыныстар Банкінің инвестициялық саясатына жаңа тұрғыдан келу жолына және еуразиялық интеграция процестерін тереңдету жөніне қатысты ұсыныстар дайындауға игі ықпал етеді


3s.jpg


28 қарашада Филиал директоры, профессор А.В. Сидорович ММУ-дің заманауи экономикалық теориясын және ресейлік әлеуметтік-экономикалық даму моделін әзірлеу бойынша Ғылыми кеңеске қатысты.


Ғылыми кеңес ММУ экономика факультетінің саяси экономика кафедрасының 215-жылдығына және Н.А. Цаголовтың туғанына 115 жыл толуына арналып және экономика факултетінде дәстүрге айналған Цаголов оқулары форматында өткізілді. Цаголовтың ғылыми мектебінің мұрасы ХХІ ғасырдағы экономика ғылымы мен экономикалық білім беру ісінде өз маңызын сақтап келеді.


А.В. Сидорович «Заманауи экономика теориясының құрылымы және пәнаралығы» тақырыбында баяндама оқыды.



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.