М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
27.10.2019

Қазақстан филиалының экологтері «Географиялық диктант» акциясына қатысты




compressed_file111s.jpg


2019 жылғы 27 қазанда «Qazaq Geography» медиацентрінде Географиялық диктант өткізілген болатын. М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының атынан осынау ағартушылық мәнді ауқымды акцияға студенттер мен оқытушылар қатысты.


image002s.jpg


Акцияны ұйымдастырғандар – «Орыс географиялық қоғамы» (РГО) Бүкілресейлік қоғамдық ұйымы. Географиялық диктанттың басты өткізу алаңы – М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дің Шуваловский корпусы болды (Мәскеу). Мұнда географиялық білімді тексерушілер құрамында университет ректоры академик Виктор Антонович Садовничий, «Орыс географиялық қоғамының» президенті Сергей Шойгу, ғалымдар, мәдениет қайраткерлері мен спортшылар болды.


Нұр-Сұлтан қаласында Диктант РГО мен «Qazaq Geography» Республикалық қоғамдық ұйымы және М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының ұйымдастыруымен және Ресей ғылым және мәдениет орталығының қолдауымен өткізілді.


[нақтырақ]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.