М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
31.10.2019

Фольклорлық практика бойынша Есеп беру конференциясы – 2019



IMG_9027s.jpg


2019 жылғы 30 қазанда М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында фольклорлық практика бойынша дәстүрлі есеп беру конференциясы болып өтті. Бұл жыл сайын өткізілетін дәстүрлі конференция университеттің күнделікті өміріне жарқын бояулар алып келгендей болды. Конференцияға филолог-студенттер мен филология кафедрасының оқытушылары қатысты.


Фольклорлық практика бойынша есеп беру конференциясы - «Филология» бағыты студенттерінің жазғы елге шығу практикасының қорытындысы. Іс-шара аясында жас «фольклоршылар» жасаған жұмыстары туралы әңгімелеп және үлкен-кіші әріптестерімен жазғы практикасы туралы ойларымен бөліседі.


Фольклорлық практика 2019 жылы 20-28 маусымда Ақмола облысының Бурабай ауданында Шучинск қаласында, Бурабай, Қатаркөл ауылдарында өткізілген болатын. Студенттер профессор Г.И. Власованың және доцент Д.Б. Аманжолованың жетекшілігімен ауылдықтармен, казак ұрпақтарымен кездесулер өткізіп, әндер мен частушкалар, аңыздар мен хикаяларды, ауызша әфсана әңгімелерді тағы басқа көптеген нәрселерді жазып алды. Практика кезінде студенттер коммуникативтік дағдыларын ұштап қана қойған жоқ, сонымен бірге, ақпаратты жинау, өңдеу, жүйелеу дағдыларын да қалыптастырды. Жазылған нәрселерді шешуге, жеке және топта жұмыс жасауға үйренді, топпен жұмыс жасауда сезімталдық пен жауапкершілік қасиеттерін дамытты.


[нақтырақ]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.