М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
01.11.2019

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті төрағасы Н.Н. Годунованың Филиалдың студенттерімен және магистранттарымен кездесуі


IMG_8376s.jpg


2019 жылғы 1 қарашада ММУ Қазақстан филиалында Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті төрағасы Н.Н. Годунованың «Экономика» бағыты бойынша білім алып жатқан студенттермен және магистранттармен кездесуі болып өтті.


IMG_8575s.jpg


М.В. Ломоносов атындағы ММУ ректоры академик В.А. Садовничий мен Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті төрағасы Н.Н. Годунова Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті мен М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған болатын. Аталған кездесу осы меморандумда қарастырылған іс-шаралар аясында өткізілді.


Кіріспе сөзінде Филиалдың директоры профессор А.В. Сидорович Наталья Николаевнаны қошеметтеп, ММУ Қазақстан филиалының қызметі туралы айтты.


IMG_9669s.jpg


Қазақстан филиалының студенттерімен жүргізген әңгімесінде Н.Н. Годунова Есеп комитетінің қызметіндегі заманауи мәселелер туралы, аудиттің, мемлекеттік аудиторларға қойылатын талаптардың заманауи талаптары жөнінде айтты.


«Біз заманның сын-тегеуріндеріне сай қызмет етуіміз керек, - деп атап өтті Н.Н. Годунова, - Мемлекеттік бюджет – анықталған мақсаттарға жету қаруы, оның қуатымен мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып, бірнеше көздерден қаржы бөлінеді. Мемлекеттік аудит тиімділікті қамтамасыз етеді не болмаса бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалғандығын анықтайды, оларды болашақта болдырмау мақсатында қаржы жұмсалу бұзылғанын реттеуге қатысты ұсыныстар беред. Бұл мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді. Аудиттің міндеті - жүйелі мәселелерді анықтау және шешу, сол арқылы тиімсіз шығындарды қысқартуға мүмкіндік жасайды және республика экономикасының дамуына оң жағдайлар туғызады. Мемлекеттің сапалы мемлекеттік бақылау мен аудит болмайынша, қуатты бола алмайды».


IMG_8495s.jpg


А. В. Сидорович ММУ Қазақстан филиалы өзінің алдына кәсіби, құқықтық және моралдық-адамгершілік қырлары шыңдалған маман даярлау мақсатын қойып отырғанына назар аударды. Директор: «Біз өз елінің патриоттарын тәрбиелеп отырмыз, біздің түлектеріміз мемлекет игілігі үшін қызмет етуге кәсіби және адамгершілік тұрғыдан дайын», - деп атап көрсетті. Н.Н. Годунова өз тарапынан мемлекеттік аудиторлардың аса жоғары жауапкершіліктері олардың моралдық-этикалық қасиеттерінің басым болуымен танылатынын баса айтып өтті.


ММУ Қазақстан филиалының студенттерін ерекше қызықтырғаны бакалавриат және магистратура бітірген түлектерге Есеп комитетіне қызметке қалай тұруға болады, лауазымдық өсу және мемлекеттік аудитор лауазымына қажетті қосымша құзыретттіліктер қажеттілігі туралы мәселелер болды. Н.Н. Годунова, сұрақтарға жауап бере келе, Қаржы министрлігі жанындағы Қаржы академиясынан сертификат алу тетіктері туралы түсінік беріп өтті. Ол мемлекеттік аудит органдары жұмыс орындарын ұсына алатын, қызықты көпқырлы қызмет атқару мүмкіндіктері бар аналитиктерге Есеп комитеті мүдделі екенін айтты.


IMG_8607s.jpg


Кездесу соңында Филиалдың директоры және студенттер Н.Н. Годуноваға Мәскеу университетінің символдары бар естелік кәдесыйлар сыйға тартты, ескерткішке суретке түсірілді. Филиалдың студенттері Наталья Николаевна Годуноваға қызықты да пайдалы кездесуі үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.