М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
20.10.2019

Д. В. Миллионщиковті диссертация қорғауымен құттықтаймыз!


PICT0047-2s.jpg


2019 жылғы 3 қазанда Ресей академиясының В.А. Стеклов атындағы Математика институтындағы Д 002.022.03 диссертациялық кеңесінде Дмитрий Владимирович Миллионщиков «Когомологии положительно градуированных алгебр Ли и их приложения» тақырыбында 01.01.04 – Геометрия және топология мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау болып өтті.


Д. В. Миллионщиков – М. В. Ломоносов атындағы ММУ механика-математикалық факультетінің түлегі (1986 г.). 1994 жылы РАН академигі С. П. Новиковтің жетекшілігімен физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Қазіргі уақытта ол механика-математикалық факультетіндегі жоғары геометрия мен топология кафедрасында доцент қызметін атқарады.


Дмитрий Владимирович М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының оқу процесіне сүбелі үлесін қосты: көптеген жылдар бойы ол Филиалға келіп, «Математика» бағытындағы бакалавриатта «Аналитикалық геометрия» және «Линиялық алгебра» курстарын оқып келеді.


ММУ Қазақстан филиалының ұжымы Дмитрий Владимирович Миллионщиковті диссертация қорғауымен құттықтап, алдағы уақытта мол табыстарға кенелуіне тілек білдіреді.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.