М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
04.03.2017

«Филология» мамандығы студенттері педагогикалық практикаға Астана қаласының мектептерінде болған еді


2016-2017 оқу жылының екінші семестрі М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының «Филология» мамандығы 3 курс студенттері үшін ерекше басталды. 20 ақпаннан бастап 4 наурызға дейінгі аралықта жас филологтер міндетті педагогикалық практикаға Астана қаласының мектептерінде болған еді. Биылғы жылы да дәстүр бойынша қаламыздың № 6 гимназиясы мен № 22 мектеп-гимназиясы студенттерімізді қабылдаған болатын.

4 апта бойы болашақ педагогтер осы кезге дейін орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі курсынан, педагогика мен психологиядан алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолданып көруі тиіс болды. Сонымен бірге, өздерінің шәкірттерінің ықыласы мен құрметіне бөленудің жолын қалау керек болған еді.

2017 жылғы 16 наурызда педагогикалық практиканың нәтитжелерін қорытындылауға арналған конференция өткізілді. Тәлімгер-мұғалімдер өздерінің берген мінездемелерінде студенттердің жоғары теориялық білім беңгейлерін атап көрсетіп, студент-практиканттардың сабақ өткізуге даярлығын, әр оқушының жүрегіне жол табуға деген ұмтылысын атап көрсеткен еді. Практиканың жетекшілері – филология кафедрасының оқытушылары – жас мұғалімдердің әрбір сабақтарын ерекше етіп өткізуге деген құлшыныстарын, қабілеттері мен мүмкіндіктерін атап өтті. Әр студент сабақты өткізуде «өзіндік әдістемелік жолын» ұсынғаны ерекше мақтауға лайық екенін атап өтті.

Ал студенттер болса, өз сөздерінде педагогикалық тәжірибе туралы ыстық ықыласпен баяндағанда, тәжірибенің шынайы түрде жүзегше асқаны белгілі болды! Бұл тәжірибе оң нәтижелеі және игілікті болды. Студенттер сөзінде біреуінің мінезінің тұйықтығынан, біреулері даусының баяу болуынан кедергілер туғанын айтса, енді бір студенттер филологияның болмысын қарапйым сөздермен жеткізу өте қиын екенін атап өтті, ал тағы бір студенттің ойынша, 40 минутта А.С.Пушкин, Н.В. Гоголь сынды алыптарды сүюді қалай үйрету мүмкін болады дешен ойға қалғанын айтты; біреулеріне сондай сүйкімді бесінші сынып оқушыларымен тіл табысу оңай болса, басқа студенттер үшін «ақылды жоғары сыныптықтармен жұмыс жасау» қызықты болғанын баяндады.

Әр жас мұғалімнің айтары болды: сәтті әдістемелікң жеңіс, сәтті өткен сабақ, үйреншікті тапсырманы орындатудың жаңа жүйесін ойлап табуы т.б.

Дегенмен, студенттердің барлығы бір ауыздан «сабақ түсіндіру барысында оқушының көзінде нұр ұшқындаған сәт» туындағанын тануы өте тамаша болғанын атап көрсетті. Ал мұның өзі студенттеріміздің педагогикалық тұрғыдан өскенін көрсететін нақты дәлел емес пе?!

Филиал Директорының орынбасары ф.ғ.к.Тамара Григорьевна Котлярованың дәстүрлі «Кім өзінің болашағын мектеппен байланысты көргісі келеді?» деген сұрағына көптеген студенттердің сеніммен лайықты жауап беруі қуантарлық жағдай болды.

Осы алған тәжірибелері студенттерімізге өзінің өмірдегі орнын мәнді етуге, өз өмірлік жолын жүріп өтуде бар мүмкіндіктерін жүзеге асыруға тиіс екенідігін және ұстаз еңбегіне жаңаша көзқараспен қарауға үйренгенін конференция дәлелдеп берді десе болады.

Аяғын сақ басып барған «студент-практиканттың» тәжірибеден өткен соң «сенімді жас мұғалімге» айналған барлық студенттерімізге ҰСТАЗ атына лайық болуын, «өз шәкірттерінің» ыстық ықыласына бөлене беруі үшін ұастаздық жолды таңдап, шынайы алғысқа бөлене беруін тілейміз!


Мәтін: Маргарита Брянская


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.