М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
26.09.2019

Үкіметаралық ММУ Қазақстан филиалының қызмет етуі туралы Келісімнің орындалу бағыттарын талқылау



IMG_2615ы.jpg


2019 жылғы 25 қыркүйекте Филиал директоры, профессор А.В. Сидорович Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Николаевич Бородавкинмен кездесті. Кездесу барысында Александр Владимирович Елшіні Қазақстан Республикасы Үкіметі және Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалының қызмет етуі туралы Келісімнің орындалуы бойынша Филиалдың жұмыстарының бағыттары жөнінде хабардар етті, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қарым-қатынасты дамытудағы Филиалдың рөлін жоғарылату мәселелері талқыланды.


photo_277514s.jpg


Сол күні ММУ Қазақстан филиалының директоры, профессор А.В. Сидорович Қазақстан Республикасы Үкіметі және Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалының қызмет етуі туралы Келісімнің орындалуы жөніндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми вице-министрі Жақыпова Фатима Надыровнамен кездесті.


XhcGBBzJы.jpg


26 қыркүйекте Александр Владимирович Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы Сабит Нұрлыбаймен және министрліктің департамент басшыларымен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және Мәскеу университеті арасында меморандум жасау мәселелері, «Экология және табиғатты пайдалану» бағыты бойынша мамандар дайындау мәселелері талқыланды.



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.