М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
06.09.2019

Жаңа оқу жылында – жаңа міндеттер және перспективалар



АВs.jpg


2019 жылғы 6 қыркүйекте Филиал ұжымының Филиалдың 2019-2020 оқу жылындағы жұмысының міндеттеріне арналған жиналысы өткізілді. Филиал директоры А.В. Сидорович «Филиал жұмысын реформалау туралы» баяндамасымен сөз сөйледі. Ұжымның жиналысына Филиалда дәрістер оқып жүрген Мәскеу мемлекеттік университетінің оқытушылары қатысты.


2019 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалының қызмет етуі туралы Келісімі өз күшіне енді. Бұл Филиал ұжымының алдына жаңа міндеттер қояды және өз қызметінің барлық қырларын жетілдіруді, Мәскеу университетінің деңгейіндегі білім беру сапасын қамтамасыз етуді және Филиалдағы білім берудің Қазақстан Республикасының қажеттіліктеріне бағдар ұстануын талап етеді.


Бұл өзгерістер жиналыстың және Филиал Директорының баяндамасының өзекті тақырыбы болды. Реформалау барысының бағыттары мен мәселелері арасында келесілерді атап өтуге болады: Келісім аясында Филиалға қойылатын жаңа талаптар; Филиалдың құрылымын реформалау; білім беру тәртібін реформалау; оқу процесін реформалау; Филиалдың түлектер шығаруы мен жұмысқа орналасуына жауапкершілігі; Филиалдың жаңа беделі; қызметкерлерінің жұмысының сапасы.


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.