М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
05.09.2019

Филиалда Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтті


3s.jpg


5 қыркүйек – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқы тілдері күні – ММУ Қазақстан филиалының студенттері мен магистранттарының қазақстандық рухани құндылық әлемімен танысу күні болды. Қазақстан халқы тілдері күні халықтың бірлігі күні ретінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіндегі қазақ тіліне деген ерекше құрмет, елдегі сан түрлі тілдерге деген, Қазақстаннның тіл саясатына деген сыйластық күні ретінде аталып өтіледі.


4–6 қыркүйек күндері Филиалда филология кафедрасының оқытушылары, атап айтқанда, кафедраның профессоры, п.ғ.д., Н.Ж.Құрман, аға оқытушы, педагогика магистрі Д.М. Жолмақова-Жарбулова, аға оқытушы, педагогика магистрі Қ.М. Қажыбаева қазақ тілінен Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі, қазақстандық тіл саясаты тақырыптарын қамтыған ашық сабақтар өтікізді.


14s.jpg


Кітапхана қызметкерлері қазақ тілі оқытушылары профессор Н.Ж.Құрман мен аға оқытушы Д.М. Жолмақова-Жарбуловамен біріге отырып, «5 қыркүйек – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқы тілдері күні» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.