М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
18.08.2019 /**

Филиал студенттері – Халықаралық студенттік математикалық олимпиада жеңімпаздары және жүлдегерлері

*/


студенты2.jpg


International Mathematics Competition (IMC) – бұл студенттерге арналған ең ірі және беделді халықаралық математикалық олимпиада. Оны дәстүрлі түрде Болгарияның Благоевград қаласындағы Америкалық университет базасындағы Лондон колледжі ұйымдастырады. IMC-ға Еуропаның және басқа елдердің барлық жетекші жоғары оқу орындары қатысады. Биыл олимпиада 2019 жылғы 28 шілде мен 3 тамыз аралығында өткізілді. Оған әлемнің 77 университетінен 360 студент қатысты.


Осы жылы ММУ Қазақстан филиалынан 3 курс студенттері Бекмаганбетов Бекарыс пен Аскергалиев Әнуар қатысты. Жеке сынақта өзін өте жақсы көрсете алған Бекарыс алтын медальге ие болды. Әнуар күміс медаль алды. Бұл студенттеріміз былтырғы жетістіктерін биыл да қайталады.


ММУ Қазақстан филиалының студенттері командалық сынақта да өздерін лайықты көрсете алды. Екі қатысушыдан құралған біздің командамыз басқа университеттерден келген үш не одан да көп қатысушылары бар Universiteit Utrecht (Утрехт университеті), Delft University of Technology (Делфт техникалық университеті), University Politehnica of Bucharest (Бухарест Политехникалық университеті), École Polytechnique (Политехникалық мектеп), Nazarbayev University (Назарбаев Университет), University of Barcelona (Барселона Университеті), ITMO (Санкт-Петербург ақпараттық технологияларды, механика және оптика ұлттық зерттеу университеті) тағы басқа университеттердің командаларын басып озып, үздіктердің қатарында аталды.



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.