М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
31.03.2017


Р.Б. Ахметшиннің ашық дәрісі


2017 жылғы 31 наурызда М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында М.В. Ломоносов атындағы ММУ филология факультетінің орыс әдебиетінің тарихы кафедрасының доценті Руслан Борисович Ахметшинмен кездесу өткізілді. Кездесу тақырыбы «Отүстік Кореяда орыс тілін шет тілі ретінде оқыту тәжірибесі» деп аталды. Іс-шараға оқытушылар, «Филология» бағытында оқитын студенттер мен магистранттар қатысты.

Руслан Борисович А.П. Чехов шығармашылығын зерттеу саласының маманы, мифологияға, әдеби және мифтік мәтіндердің тіліне қатысты көптеген еңбектердің авторы. Одан басқа Р.Б. Ахметшин - Сеул ұлттық университетінде орыс тілінен оқу курстарын құрастыру және оқыту бойынша тәжірибесі бар ғалым.

Оның сөзі Филиалдың оқытушыларымен, студенттерімен құрылған диалог түрінде жүрді. Руслан Борисович Оңтүстік Кореяның өмірі туралы,өзінің әсерлерімен, климат, қонақжайлық ерекшеліктері т.б. туралы ой бөлісті.

 

[нақтырақ...]



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.