Филиал директоры профессор А. В. Сидорович «Ресейдің модернизациялануы: басымдықтар, мәселелер, шешімдер» тақырыбындағы XVIII Халықаралық ғылыми конференцияға қатысты
20 желтоқсанда Филиал директоры профессор А. В. Сидорович Мәскеу қаласындағы Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінде «Ресей: маңызды мәселелер және шешімдер» атты Қоғамдық-ғылыми форум аясында өткізілген «Ресейдің модернизациялануы: басымдықтар, мәселелер, шешімдер» тақырыбындағы XVIII Халықаралық ғылыми конференцияға қатысты.
Конференцияның ұйымдастырушылары – Ресей ғылым академиясының Қоғамдық ғылымдар бойынша ғылыми ақпараттар Институты (РҒА ҚҒҒАИ), Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті, А.Г. және Н.Г. Столетовтер атындағы Владимир мемлекеттік университеті, Ресейдің Вольное экномикалық қауымдастығы, Ғылыми және инженерлік қоғамдық бірлестік және Еуразиялық ақпараттық-талдау консорциумы.