М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
12.12.2018

Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына орай


01_Ku9WBsYs.jpg12 желтоқсанда Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығы аталып өтілді. Шыңғыс Айтматов – заманауи жазушылардың ішіндегі оқырманы аса көп қаламгердің бірі. Жазушының артында іздеушілері оның 90 жылдығын әлемнің түкпір-түкпірінде атап өтуде. М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының оқытушылары Шыңғыс Айтамтовтың 90 жылдығына орай өткізілген іс-шараларға қатысты.


15447837944227721037_1000x669s.jpg2018 жылғы 9–10 желтоқсанда Мәскеу қаласындағы Ресей мемлекеттік кітапханасының Шығыс әдебиет Орталығында «Шыңғыс Айтматоы және заманауи әлем» атты Халықаралық конференция болып өтті. Бұл іс-шара жазушының 90 жылдығын атап өтумен байланысты өткізілген болатын. Оны ұйымдастырушылар – ММУ ИСАА, Ресей мемлекеттік кітапханасының Шығыс әдебиет Орталығы, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті. Конференцияның жұмысына ММУ Қазақстан филиалының өкілдері де: әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі Р. Ж. Абдильдина және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры А. И. Оразбаева қатысты.


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.