М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
20.11.2018

Көптілділік мәнмәтініндегі БАҚ тілі


IMG_7168s.jpg20 қарашада М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында ММУ филология факультетінің доценттері Л.А. Нестерская мен Е. Ю. Николенконың ұйымдастыруымен «Көптілділік мәнмәтініндегі БАҚ тілі» атты ғылыми конференция өткізілді.

Дәстүрлі іс-шараға қатысушыларды филология кафедрасының меңгерушісі Г.И. Власова қошемет сөзбен қарсы алды. Галина Ивановна аудиторияның назарын таңдалған тақырыптың өзектілігіне аударып, «Жас филология» атты магистранттардың ғылыми бірлестігін ұйымдастыруды ұсынды.


Мәскеу университеті орыс тілі стилистикасы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы И:В. Анненкова өзінің сөзін ММУ журналистика факультеті редакциялау теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы О.С. Стыкалинаға арнады. Оның өз ісінің шебері болғандығына, қарапайым да еңбекқор адам екендігіне, тұлға және еңбегі арқылы ұжымға және студенттерге сыйлы екендігіне назарын аударды.


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.