М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
01.04.2018

М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының «Қолданбалы математика және информатика» бағытының түлегімен кездесу


выпускники

2018 жылғы 31 наурыз күні Филиалдың «Қолданбалы математика және информатика» бағытының 2012 жылғы түлегі Алексей Шаровпен кездесу болып өтті. Алексей web-әзірлеме жасаумен айналысады. Осы кезге дейін ол Қазақстанда, Ресейде, Қытайда, Вьетнамда жұмыс жасап келді, қазіргі уақытта Lazada Group компаниясының технологиялар бойынша вице-президенті болып жұмыс жасайды.


Қашаннан бері web-әзірлеме жасаумен айналасып келесің?

 

Мектепте мен бағдарламалаумен мүлде айналысқан емеспін. Тіпті университетке «Қолданбалы математика және информатика» мамандығына оқуға түскенде де мені бағдарламалау емес, математика көбірек қызықтыратын. Бірақ екінші курстың ортасында қызықты оқиға болды.  ММУ филиалының «Экология» бағытының студенті маған коммерциялық емес ұйым үшін экологиялық сайт әзірлеуді ұсынды. Сайтты қалай әзірлеу туралы ешқандай тәжірибем болмағандықтан, дегенмен ЭЕМ практикумы бойынша біршама тәжірибем болғандықтан, мен, web-технологиялардың ерекшеліктерімен терең  танысуға кірістім. Университетте орындаған семестрлік жұмыстардан соң бұл онша қиынға соқпады. Ұсынысты бір ай шамасында жалғыз өзім әзірлеп бердім. Осыдан соң екінші коммерциялық емес жоба ұсынылды. Жаңалықтар порталын әзірлеу керек болды. Бұл жұмыста енді команда құру тәжірибесі қалыптаса бастады. Координатор кім? – «Экология» бағыты студенті. Техникалық бөлімін кім әзірлейді? «Қолданбалы математика және информатика» мамандығы студенті. Мәтін авторы кім? «Филология» мамандығы студенті. Осылай бастаған жұмыс біртіндеп қызықты бола бастады. Енді сіздерге берер кеңесім – сіздер, жас қуаты тасыған студентсіздер, осы кезден бастап жақсы идеяны ұстанып, тамаша жобалар орындауға кірісе беріңіздер!



DSC_0173s.jpg

Лауазымдық өсу қалай басталды?

Үшінші курстан соң өндірістік практика болатыны белгілі. Практика өту үшін мен өзіме Астанадағы көптеген тамаша жобаларды орындаған салиқалы, үлкен веб-студияны тауып алдым. Оның үстіне жатақханамызға да жақын орналасқан екен. Айта кететін жайт, бізге, қазір мен жұмыс жасап жүрген Вьетнам еліне практика өту үшін Францияның студенттері келеді. Әлі күнге дейін менің миыма қонбайтын нәрсе – мен өз практикамды жатақханадан 5 минуттық жерде өткенмін, ал адамдар жақсы практика алу үшін Жер шарының бір шетінен екінші шетіне барып жатады екен. Өндірістік практиканы өту барысында мен осы компания пайдаланатын фреймворктер мен кітапханалармен танысуға көп уақытымды бөлдім. Оның үстіне мен құжаттарды оқудан да тіпті тереңдеп кеттім, мен бастапқы құжаттарды (исходниктерді) оқуды үйрене бастадым. Тура бір көркем әдеби шығармаларды оқығандай, бірнеше рет қайталай оқуға үйрендім. Бастапқы құжаттарды оқып-үйрену тәжірибем менің одан әрі кәсіби маман ретінде даму жолыма үлкен серпін берді деп айта аламын.


DSC_0172s.jpg


Университетте оқу барысынан ең есте қалғаны не болды?

Университетте оқу барысында маған операциялық жүйелермен және жүйелік бағдарламалаумен жұмыс жасау сабақтары өте ұнайтын. Бұл пәнді ММУ ЖМК факультетінің алгоритмдік тілдер кафедрасының доценті Столяров Андрей Викторович жүргізген болатын. Бұл пән бойынша орындалатын есептер бағдарламалауды түсінуге керемет көмектесетін, ал оқытушы болса біздің өз бетімізбен көбірек білім алуымызға серпін берді. Жоғары курстарда алгоритмдік тілдер кафедрасында түрлі тілдерді білуі дағдылары көмектесті. Қазір жаңа бағдарламалау тілі - бұл бір-екі күн. Вьетнамдағы достар қиналыстар шегеді, курс өтуі керек, сертификат алуы керек, оған бір ай кетеді. Мен үшін бұл мәселенің шешімі - ең негізгі кітапты тауып оқу және екі күн уақыт алу. Осыдан соң мен өзіме-өзім қалағандай жұмыс жасайтын нәрселерді алуға дайын боламын. Әрине, тұтастай алғанда, кей нәрселер қызықты болады, кейбірі сұрықсыз болады. Бірақ мен ешқашан қалай болса солай жасау деген төмен деңгейге түскен емеспін. Қалай дегенмен де, ұнамаса да, бұйымды жасап, оны тапсыру керек те, ұнамаса - ұмыту керек, олай етпесең, тапсырып үлгермесең – санаңнан шықпай, мазаңды алады. Жоғары курстықтармен жақсы қарым-қатынас құру да маңызды орын алады. Олардың ақыл-кеңестері пәндерді меңгеруге күш-жігеріңді қалай жұмсау керектігін, университеттегі өз орныңның траекториясын өзің қалай құрғаның дұрыс болуына көмектесетіні сөзсіз.

 

[нақтырақ...]



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.