М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
01.03.2018

Филиал түлектерінің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері: магистратура түлектерімен кездесу («Экономика» бағыты)


выпускники

 

Өткен бейсенбіде, 1 наурыз күні, Қазақстан филиалы көктемінің алғашқы күнін және 2014 жылғы өз түлектері - Каримова Мәншүкті, Елубаева Ғалияны және Альжанова Дастанды қуанышпен қарсы алды. Бұл қонақтарымыз үшін тек альма-матер ғана ортақ болып табылмайды, сонымен бірге, олардың қазір қызмет етіп жүрген салалары да, атап айтсақ, ғылыми-зерттеу институттары да ортақ болып табылады. Осы қызметтері туралы түлектеріміз бүгінгі білім алып жатқан студенттермен және магистранттармен ой бөлісті.


Экономика кафедрасы филиалдың түлектерімен кездесулер сериясын өткізу туралы жобаны қолға алды. Мақсаты - блім алып жатқан студенттер мен магистранттарға келешекте жұмысқа орналсу мүмкіндіктері туралы ой салу. Кафедра жүргізген зерттеуге сәйкес, соңғы жылдарда толық жоғары білім алу (бакалавриат және магистратура) үрдісі өзекті болып келеді. Айталық, 2017 жылы филиалды бітірген бакалавр түлектерінің 75%-ы ресейлік, қазақстандық және шетелдік магистратураға оқу түскен. Тек түлектердің ширек бөлшегі ғана әрі қарай оқуды жалғастырмай, еңбекке араласқан.


Филиалдың түлектері жұмысқа қалай орналасуда? 2016 және 2017 жылғы түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтерді талдау барысында келесідей нәтиже алынды: 40% бакалавриат түлектері қаржылық секторда (аудиторлық, банкілік, бухгалтерлік және сақтандыру қызметі), экономиканың қаржылық емес секторында түлектердің 24%-ы жұмыс жасайды (құрылыс компаниялары, білім орталықтары, ұлттық компаниялар т.б.), түлектердің 4%-ы мемлекеттік басқару секторында қызметке орналасқан (министрліктер және ведомстволар).


Магистратура түлектерінің бөлінісі басқаша құрылымға ие болып келеді: түлектердің 51%-ы экономиканың қаржылық емес секторында (ұлттық компаниялар, квазимемлекеттік компаниялар, ғылыми-зерттеу институттары т.б.), магистратура түлектерінің 28%-ы министрліктер және ведомстволарға жұмысқа тұрса, қалған түлектердің 21%-ы - еліміздегі қаржылық секторларға жұмысқа орналасқан (аудиторлық және инвестициялық компаниялар).


Атап өтетін мәселе, мемлекеттік сектордағы, ғылыми-зерттеу саласындағы бос орындарға үміткерлерге биік талаптар қойылады (мысалы, толық жоғары білімі болуы), филиал түлектерінің жұмысқа орналасу құрылымындағы ерекшеліктері осындай болып келеді.


Белгілі болғанындай, жыл сайын филиал магистратурасының 3-4 түлегі ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарына табыспен жұмысқа орналасады. «Тhink tank бойынша жұмыс» фразасындағыдай, қызметтің орны аналитикалық талдау орталықтарын білдіреді. Сөзімізге орай, бір ай бұрын, «ми орталықтарының» рейтингісін жасаудың әлемдегі беделі жоғары болып табылатын Пенсильвания университетінің «Global Go To Think Tank Index Report» атты әлемнің зерттеу және талдау орталықтарының жыл сайынғы рейтингі жарияланған болатын. Осындай талдаған 7815 талдау орталықтарының ішінде 28 орталық – қазақстандық болып табылады. Қазақстандық орталықтардың көшін бастап тұрған – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты.


Ғылыми институттарда қызмет етудің артықшылықтары неде? Жұмыс беруші зерттеу орталығына жұмысқа қабылдауда неге баса назар аударады? Қазақстанда және шетелде зерттеудің өзекті бағыттары қандай болып табылады? Осы және көптеген басқа да қызықты мәселелер жөнінде біздің түлектеріміз кездесуде баяндап берді!


[нақтырақ...]



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.