М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
16.02.2018

Түркі-моңғол әлемі: тарих және мәдениет


image001s.jpg2018 жылғы 15-16 ақпанда Ресей Ғылым Академиясының Санкт-Петербургтегі Шығыс қолжазбалар институтында С.Г. Кляшторныйдың 90-жылдығына және Азия музейі құрылуының 200-жылдығына арналған «Түркі-моңғол әлемі: тарих және мәдениет» атты Халықаралық конференция болып өтті. Конференция жұмысына Филиалдың әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессорлары - философия ғылымдарының докторы Сабина Шариповна Аязбекова мен тарих ғылымдарының докторы Алтайы Иранбеккызы Оразбаева қатысқан болатын.

Конференцияның басты мақсаты - түркі және моңғол халықтарының өмірін көпжылдық зерттеуге байланыстықол жеткен жаңа нәтижелерді әлемдік ғылым қауымдастығына ұсыну. Жаңа замандағы зерттеу әдістерінің және зерттеу тұрғырларының заманауи мәселелерді зерттеп, нәтижелерге қол жеткізудегі мүмкіндіктерін көрсету де конференцияның мақсаты болып табылды.

Конференцияға түрлі елдердің өкілдері қатысты, атап айтқанда, Германия, Моңғолия, Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей.

Профессор А.И. Оразбаева конференцияға Күндізгі мәжіліс төрағасы ретінде қатысып, РҒА ШҚИ Жасыл залында сепкция жұмысын басқарып өткізді. Онда конференцияға қатысушылардың, ең бастысы, С.Г.Кляшторныйдың ғылыми мұрасын зерттеуге байланысты баяндамалар тыңдалды.


[толығырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.