М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
17.02.2018

ММУ Қазақстан филиалының профессоры Жабайхан Мүбаракұлы Абдильдин – 85 жаста!


2018 жылғы 16-17 ақпанда Астанада «Әлемдік философияның, адамның, оның санасының, адамгершілігі дамуының өзекті мәселелері» атты көрнекті ғалым-философтың,    қоғамдық және мемлекет қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, ҚазССР ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Мемлекетаралық «Ынтымақтастық жұлдызы»,Президенттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының, Ресейдің «Древо жизни» сыйлығының, Ш.Ш. Уәлиханолв сыйлығының алғашқы сыйлығының лауреаты Жабайхан Мубаракович Абдильдиннің 85-жылдығына арналған ІІІ Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізілді.     

  

Конференцияның ұйымдастырушылары - ҚР БҒМ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, РҒА Философия институты, ҚР Ұлттық академиялық кітапхана, ҚР БҒМ Ғылым комитеті Философия, саясаттану, дінтану Институты, М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

Конференцияның жұмысына Қазақстан, Ресей, Германия, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Куба ғалымдары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламент депутаттары, ЖОО ректорлары, зияткер қауым өкілдері, қазақстандық жоғары оқу орны оқытушылары мен студенттері қатысты.

Пленарлық мәжілістің салтанатты бөлімінде Халықаралық конференцияға қатысушыларға арналған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың, ҚР Парламенті Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Ниғматуллиннің, ҚР Парламент Сенат депутаты Бірғаным Айтимованың, ҚР ПАрламент Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Дариға Назарбаеваның, Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаевтың т.б. құттықтау сөздері оқылды.

Жабайхан Мүбаракұлына конференцияның ашылу салтанатына қатысқан ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев, Мәжіліс депутаттары Гульмира Истайбековна Исимбаева, Қуаныш Сұлтанович Сұлтанов, Сауытбек Абдрахманович Абдрахманов, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Академиясының Президенті академик Мұрат Журинович Журинов, ҚР Сыртқы істер Вице-министрі Ержан Нигматуллаулы Ашықбаев, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Иванович Рогов, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалының директоры профессор Александр Владимирович Сидорович, Ғылым комитеті Философия, саясаттану, дінтану Институтының директоры Ахан Хусаинович Бижанов т.б. өздерінің құттықтауларын айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Профессор А.В. Сидорович сөйлеген сөзінде жылы лебіздерімен бірге, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалында көптеген жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан Абдильдин Жабайхан Мүбаракұлына ММУ ректоры академика Виктора Антоновича Садовничийден құттықтау адресін табыстады.


[толығырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.