М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
02.02.2018

Филиал ғалымдары Саратов қысқы математикалық мектебіне қатысты


М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының математика және информатика кафедрасының оқытушылары Саратов қаласында (Ресей) 2018 жылғы 29 қаңтардан бастап 2 ақпанға дейінгі аралықта өткізілген «Функцияның заманауи мәселелері және олардың қосымшалары» атты ХІХ Халықаралық Саратов қысқы математикалық мектебіне қатысты.

Математика және информатика кафедрасының меңгерушісі Е.Д. Нұрсултанов «Марцинкевич типіндегі интерполяциялық теоремалар туралы» тақырыбында баяндама жасады. Математика және информатика кафедрасының оқытушысы А.Б. Мұқанов «Жалпылама-монотонды коэффицентті тригонометриялық қатарлардың бірқалыпты жинақтылығы» тақырыбында баяндама жасады.

Бұл ғылымит іс-шара қысқы мектептердің Саратовта ұйымдастырылуына негіз қалаған академик Петр Лаврентьевич Ульяновтың 90-жылдығына орай ұйымдастырылды.

Мектептің жұмысы барысында нақты айнымалының функциялық теориясы тақырыбына, кешенді айнымалылар функция теориясына, операторлардың спектралдық теориясына, дифференциаолдық теңдеулерге, оңтайландыру теориясына, тегіс емес анализге, гармониялық және вейвлет анализге байланысты баяндамалар оқылды. Мектеп жұмысына Ресейдің математиктері (оның ішінде Татарстаннан және Дағыстаннан), Қазақстаннан, Әзірбайжаннан, Польшадан, Испаниядан келген ғалымдар қатысты. МЕктеп жұмысының бағдарламасымен кеңірек мына жерде танысуға болады http://school-19.sgu.ru/

Саратов қысқы мектептері екі жылда бір рет өткізіледі және оның бай тарихы бар. Кеңстік дәуірден кейінгі барлық дерлік математикалық мектептер үшін оның ықпалы зор. Дәстүрлі түрде Саратов қысқы мектептерінде атақты академиктер мен профессорлар функция теориясындағы және математикадағы онымен шектесетін салалардағы шешілмеген есептер туралы кең көлемді баяндамалар жасайды.


[толығырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.