ММУ Қазақстан филиалында Білім күні тойландыT
Бірінші қыркүйекте, қалыптасқан дәстүр бойынша, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында Білім күні тойланды. Кешегі мектеп оқушылары енді alma mater қанатының астына еніп, студенттердің қызықты, мәнді де сәнді қоғамдастығына келіп кірді.
Бірінші курстықтарды Қазақстан филиалының директоры профессор А.В. Сидорович құттықтап, оларға ақ тілегін білдірді. «15 жыл бұрын дәл осы күні ММУ Қазақстан филиалының алғашқы студенттері аудиторияларына кіріп біздің алғашқы оқу жылымызды бастаған болатын. 2016 жылы Филиалымыз өзінің 15 жылдығын тойлауда. Сөйтіп, сіздер – біздің мерейтойлы студенттеріміз болдыңыздар. Бұл – үлкен мәртебелі оқиға. Он бес жыл – сіздің қазіргі жастарыңызбен пара-пар. Осы уақыт ішінде Филиалымыз мақтанышпен айтатын түлектердің бірнеше қатарын өмірге қанат қақтырды. Ол түлектер – бүгінгі күні осы ММУ Қазақстан филиалында алған жақсы білімінің арқасында өмірде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп келеді.
2016 жылға қарай ММУ Қазақстан филиалының корпорациясы құрылды: бітірген түлектер бір-біріне көмектесіп, университеттік жолдастарынан қол үзбей, олармен және оқытушыларымен әрдайым байланысып тұрады. Осылай, біз үлкен бір шаңыраққа айналдық. Ал бүгін осы шаңырағымызға сіздер келіп қосылып жатырсыздар. Өмірде жақсы жетістіктерге қол жеткізу үшін оқу керек. Былай қарасаң, өте қарапайым секілді. Ал шындығында, сіздер бар уақытыңыз бен күш-жігеріңізді оқуға жұмсап, шынайы жақсылықтарға ұмтылуыңыз керек. Бұл – сіздердің парызыңыз болып та табылады. Тарихтан үйреніңіздер, өткеннен және қазіргі уақыттың берерінен, жақсы адамдардан үйреніңіздер».
ММУ Қазақстан филиалы – ММУ дәстүрін жалғастыратын Мәскеу университеті. Студенттердің басты міндеті - жүйелі ойлауға үйрену, өмір мен қоғамды зерттеу, ірі және кіші ғылыми жаңалықтар ашу, өйткені білім ғылыммен тікелей байланысты. Студенттер ғылымның өзекті салаларына өз бетімен шығармашылық тұрғыдан келуі керек, өйткені осы ғылыми мәселелер ғана адамды болашақтың жасампаз мәселелеріне қарай жетелейді.
ММУ масштабы өте зор: 5 шетелдік филиал, 40 факультет пен жоғары мектеп, 10 000 оқытушы. Қазақстан филиалы ММУ құрылымында өзіндік орынға ие: ММУ Қазақстан филиалы - Мемлекет басшысы ынтагерлігімен ашылған тұңғыш филиал. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Астана қаласында ММУ Филиалын ашу жөнінде ынтагерлік жасап, ол ұсынысты РФ Президенті В.В. Путин және Мәскеу университетінің ректоры В.А. Садовничий қолдады.
Филиалдың іргетасы қаланған күннен бастап, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев университетке қолдау көрсетіп, жоғары білікті маман даярлаудағы Филиалдың мәртебесін атап көрсетіп келеді. Екі халықтың арасындағы достықты нығайтуда ММУ Қазақстан филиалы сүбелі үлесі қосып келеді.
ММУ профессорлық-оқытушылық құрамы атынан бірінші курстықтарды доцент В.А. Зубенко құттықтады: «Сіздердің Филиал студенттері атануларыңның өзі – сіздің тағдырыңыз және үлкен жетістігіңіз. Сіздер алдағы уақытта көп нәрсені біліп, көп нәрсеге үйренесіздер. Мәскеу университеті зияткер элита тәрбиелеуде үлкен орын алады. Ол зияткер элита ертеңгі күні ел болашағын айқындауда маңызды тұлғаларға айналады. Сіздерге, сонымен бірге, үлкен жауапкершілік те жүктеліп отыр. Бірақ сол жауапкершілік - шындығында, сіздерге көрсетілген үлкен құрмет те болмақ. ММУ студенті атанғаныңызды мақтан етіңіздер және өзіңізге жүктелген үлкен сенімнің үдесінен шығуға ұмтылыңыздар».
Бұл мерекенің басты оқиғасы - бірінші курстықтарға студенттік билеттің тапсырылу сәті болды. Дәл осы күні сәл кейін бірінші курс магистранттарына да салтанатты түрде студенттік билеттер тапсырылды.
Салтанат соңында Директор тағы да жас жігіттер мен қыздарға табыс тіледі. Бірінші курстықтар студенттердің «Gaudeamus» гимнін тыңдап болған соң, аудиторияларға, өздерінің оқытушыларымен жақынырақ танысуға аттанды.
Біздің тату-тәтті отбасымызға қош келдіңіздер!
Мәтін: Анастасия Семенова
Фото: К.С. Байрактар (Фотогалерея)