М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
01.11.2017

Алғашқы филологиялық оқулар


2017 жылғы 1 қарашада М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында «Көпмәдениетті ортадағы тіл, әдебиет және медиамәтін» тақырыбындағы филологиялық оқулар салтанатты түрде ашылды.

Филологиялық оқулардың ұйымдастырушылары мен қатысушыларын ММУ ҚФ Директорының орынбасарлары Тамара Григорьевна Котлярова және Арман Ормашович Саулебеков қошемет сөзбен қарсы алды. Олар өз сөздерінде Қазақстан халқы тілдері мен мәдениетін сақтау мен танып-білудің маңызын атап өтті. Ұлттық компонент мәселесінің оқу жұмысы мен ғылыми проблематика жүйесіне енгізілуі туралы айтып өтті.

Филология кафедрасының меңгерушісі Галина Ивановна Власова қатысушыларға филологиялық оқулардың концепциясы туралы айтып берді. Іс-шараның көптілді Қазақстанда орыс тілінің рөлін жоғарылатуға; ресейлік және қазақстандық филологияның өзекті мәселелерін зерттеушілердің тәжірибе алмасуына; ММУ және қазақстандық жоғары оқу орындарының заманауи ғалымдарының ғылыми және шығармашылық қызметінің нәтижелерін көпшілікке кең таратуға арналатынын айтты.

Филологиялық оқулар лекторий форматында айына бір рет өткізіліп тұратын болады. Жобаның құрылымы филология кафедрасының ғылыми проблемасы мен «Филология» бағытындағы оқу жоспарының аясында жүзеге асырылатын 4 тақырыптан тұрады. Олар – Қазақстанның орыс әдебиеті, филология және БАҚ тілі, қазақ тілі мен ағылшын тілі көпмәдениетті ортада.

Жоба М.В.Ломоносов атындағы ММУ филология факультеті мен журналистика факультеттерінің қолдауымен және Қазақстанның жоғары оқу орындарының (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Әл Фараби атындағы ҚазҰУ, Еуразиялық гуманитарлық институт, ҚазГЗУ), ҚР ҰАК, Астана қалалық РЦНК қатысуымен жүзеге асырылады. Нақты қатысушы аудиторисы: көпшілікке арналған дәрістердің тақырыптарына сәйкес (магистранттар, жас ғалымдар, ЖОО оқытушылары, тіші-мұғалімдер). Күтілетін нәтижелер: көпшілікке арналған дәрістер, «Филологиялық оқулар» атты ұжымдық жинақ әзірлеу.

Алғашқы дәріс оқыған – Мәскеу университетінің журналистика факультетінің орыс тілі стиолистикасы кафедрасының ғалымдар («Филология және БАҚ тілі» тақырыбы аясында). Дәріске қатысқандар – М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының «Филология» бағытындағы 1-2 курс магистранттары, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика факультетінің магистранттары мен докторанттары. Лекторлар – филология ғылымдарының докторы, факультет профессоры Наталья Ивановна Клушина және филология ғылымдарының кандидаты, доцент Елена Станиславовна Кара-Мурза. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика факультетінің телерадиожурналистика кафедрасының профессоры Серик Шешенбайулы Тахан дәріскерлерге алғысын айтып, филология кафедрасына осындай жаңа бастамасы үшін ризашылығын білдірді!


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.