М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
06.11.2017

Филиал түлектері сөз алады: Юлия Рогозина «Тенгри» клубының мәжілісінде


2017 жылғы 6 қарашщада М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында «Тенгри» клубының кезекті мәжілісі өткізілді. Осы жолғы клуб қонағы ерекше адам болды, ол – «Тенгри» клубының бұрынғы төрағасы, ақын, «Филология» ба,ытының түлегі Юлия Рогозина едің. Ол «Астана және Мәскеудедегі әдеби клубтар: тарихы мен замануи күйі» атты баяндама оқыды. Кездесуге филолог-студенттер және филология кафедрасының оқытушылары қатысты.


Юлия Рогозина студенттік әдеби бірлестіктердің ұстанымдары мен түрлдері туралы айтып берді. Ол Астана мен Мәскеу қалаларындағы заманауи әдеби клубтар туралы қызықты таныстырылым жасады. Ең алдымен, әр клубтың ішкі және сыртқы өзіндік форматтарына тоқталды: дәрістер және қатысушылардың бейформалды кездесулері, басқа клубтармен ынтымақтастығы, концерттер, жинақтар шығарылуы. Еске сала кетейік, «Тенгри» клубы бүгінге дейін екі альманах шығарған болатын. Олар – – «Сені жырлаймын, менің филиалым!» (2011) және «»Тенгри» таңбасының аясында» (2015) деп аталады.


Шындығына келгенде, Астанада көптеген әдеби клубтар қызмет етеді екен. «Тенгри» әдеби клубы өзі пайда болған күннен бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің «Пегас» клубымен ынтымақтастықта қызмет етіп келеді, көптеген «Тенгри» клубының мүшелері «Пегас» клубының да қатысушылары болып табылады. 2017 жылғы жазда Филиал түлектері Юлия Рогозина және Арина Хализова «Пегас» клубының «Дорога для двоих» атты жаңа кітабының тұсаукесерінде сөз сөйлеген болатын. Қазіргі кезде «Пегас» авторлардың «Чернильница» атты бірлестігі ретінде қызмет етіп келеді.


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.