М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
01.11.2017

Гелиобиологияның негізін қалаған А.Л. Чижевскийдің 120-жылдығына арналған дәріс

М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында кеңес биофизик ғалымы, гелиобиологияның негізін қалаған Александр Леонидович Чижевскийдің 120 жылдығына арналған ашық дәріс өткізілді.

2017 жылғы 1 қарашада «А.Л. Чижевскийдің биосфералық цикл ғылымында қалдырған мұрасын дамыту» тақырыбындағы М.В.Ломоносов атындағы ММУ география факультетінің ландшафт геохимиясы және топырақ географиясы кафедрасының доценті, география ғылымдарының кандидаты Д.Л. Голованов ашық дәріс өткізді. Ол кеңестік ғалымның ұлы ғылыми жаңалықтарды ашудағы көпқырлы әрекетін талдап, шығармашылығының поэтикалық көркем қырларын және жан-дүниесінің тұңғиық тұнығы туралы айтып берді.

Сөйлер сөзін Д.Л. Голованов «Өз атамекеніндегі пайғамбар», (Санкт-Петербургское бөілім РГО, 2012), деректі фильмді көрсетуден бастады. Одан соң биофизиктердің Халықаралық Конгресінің меморандумынан (1939) А.Л. Чижевскийді Нобель сыйлығына ұсынуынан үзінділер келтіре отырып, баяндамашы дүниені танудағы көзі қарақты осынау ХХ ғасырдағы кеңестік ғалымның Леонардо да Винчидің сомдалған тұлғасының көрінісіндей екендігіне тыңдаушылардың көздерін жеткізді.


Дәріс оқушы А.Л.Чижевскийдің өмірінің Қазақстанмен байланысты кезеңіне ерекше назар аударды. Қазақстанда ғалым Қарлагте тұтқында болған еді, одан соң тағы сегіз жыл Қарағандыда айдауда болған. Бірақ сонша жыл қуғын-сүргінде жүрсе де, А.Л.Чижевский ғалымдық болмысын жоғалтпады, ол өзінің бар мұң-шерін ғылымға, поэзияға, сурет салуға алмастырғандай еді. Осы елде ол өзінің сәулелі музасын – өзінің сенімді өмірлік серігі және жары болған Нина Вадимовна Энгельгардтты кездестірді. Ол ғалымның барлық поэзиялық, көркем әдеби, ғылыми мұрасын жалғастырушысы, сақтаушысы болатын.


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.