М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
01.11.2017

Үстел теннисі бойынша Ашық чемпионат


1 қараша күні, күздің жылы күндерінің бірінде, М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының студенттері мен оқытушылары арасында үстел теннисі бойынша Ашық чемпионат өткізілді.

Филиалдың ашылған күнінен бастап дәстүрге айналған спорттық дәстүрлер биылғы жылы да өз жалғасын тапсыты. Биылғы чемпионат ашық болды және мұнда түрлі бағытта оқып жатқан жігіттер мен қыздар ғана емес, оқытушылар да қатысты. ММУ ҚФ оқытушылары кез келген спорттық іс-шараға ерекше өң береді және спорттық қызығушылықты және рухты жігерін сақтаудың қаншалықты әсем де маңызды екенін өздерінің үлгілерімен көрсетеді.

Биылғы жылы спорттық іс-шара ММУ Студенттер үйінде өткізілді. Чемпионат екі бөлімнен тұрды: бойжеткендер арасындағы жарыстар және жас жігіттер арасындағы жарыстар. Бойжеткендер арасындағы жарыстар шеңбер жүйесінде өткізілді. Жарысқа бес бойжеткен мен екі оқытушы қатысты. Жас жігіттер, олимпиадалық жүйемен, яғни шығып кету бойынша ойнады, соңынан олар да шеңбер жүйесіне өтті. Жас жігіттердің барлық жарыстары өзара шиеленіспен өтті: ауыр қарама-қарсылықтарда ешкім жеңілгісі келмеді.

Осыншалықты есте қалар спорттық іс-шарадан соң барлық қатысушылардың көңіл-күйі көтеріңкі болып, олардың әрбірі осы өткен жарыстың жарқын сәттерін жақындарымен бөлісуге асықты.

Осы жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін тағы да шын жүректен құттықтаймыз! Келесі жылы бұдан да көп студенттер қатысып, «Тәні саудың – жаны сау» дегендей, спортпен шынығатындар саны арта берсін!


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.