М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
19.10.2017

Кәсіби маман болғың келсе – сұрақ қоюдан тартынба



ММУ Қазақстан филиалының түлектерінің диплом алған соң кім болып қызмет етіп жатқанын білу әрдайым қызықты болады. Сондықтан да талай жылдар бұрын филиалдың студенттері болған түлектер – Сандугаш Ахметулина мен Полина Пестеревамен болған кездесу студенттердің шынайы қызығушылығын туғызып, жақсы сұхбат жасауға негіз болды.

Танысамыз: Сандугаш Ахметулина (2009 жылдың түлегі) – жетекші «ArgusMedia» тәуелсіз баға жөніндегі агенттігінің аналитигі; Полина Пестерева (2013 жылдың түлегі), «SputnikKazakhstan» баспасының шығарушы редакторы.

Кедесуге жиналып, толық басталғанша, қатысушылар 19 қазанның – Бүкілресейлік лицеист күні екендігін естеріне түсірді (кездесу дәл осы күні өткен болатын). Бірігіп отырып естеріне Пушкиннің «19 қазан» атты өлеңін еске түсірді. Ақынның «Друзья мои, прекрасен наш союз» атты өлең жолдарын барлығы білетіні, ал қалған жолдардың бөлшектері ғана есте сақталған екен. Қатысушылардың ішінен ескерімділері де табылды, олар осы 19 қазанда Қазақстан құтқарушылар күні екендігін де еске салып өтті. Бұл мейрам да тақырыпқа қатысты деп танылды. Журналистер де, белгілі бір деңгейде құтқарушылар бола алады. Қонақтар – Сандугаш Ахметулина мен Полина Пестерева – танысып болған соң, университет бітірген соң өзіңді мамандығың бойынша қалай қалыптастырып шығу керектігі жөнінде ойларымен бөлісті.


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.