М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
19.10.2017

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіндегі дәріс


2017 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде профессор Оразбаева Алтайы Иранбекқызы «Қазақстан тарихы» пәні бойынша М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының «Ф-21» и «ВМ-11» топ студенттері үшін дәріс-экскурсия өткізді. Студенттер «Қазақстан тарихының ежелгі және ортағасырлық залында», «Тарих залында», «Этнография залында» болды.

«Қазақстан тарихының ежелгі және ортағасырлық залында» қойылған 500-ден астам экспонаттар үлгісінде студенттер Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың ежелгі заманнан бастап орта ғасырларға дейінгі тарихымен, экономикасымен, діни көзқарастарымен, қол өнер шеберлік туындыларымен және архитектурасымен танысты. Залдағы артефактілер арасында студенттердің ерекше қызығушылығын тудырған бұйымдар – ежелгі адамдар мекендеген және жерленген орындар болды. Сонымен бірге орта ғасырдағы Ұлы жібек жолының сенсорлы экспозициясы студенттерді сол кезеңдегі шынайы өмірдің ортасына кіргізгендей болды.


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.