М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
18.10.2017

«Достык-Дружба»: рухани келісім


2017 жылғы 18 қазанда «Достық – Дружба» Еуразиялық мәдениеттің ғылыми-білімдік орталығында Рухани келісім күніне арналған Дөңгелек стол болып өтті. Модератор – әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Ж.А. Ермекбай. 

25 жыл бұрын, 1992 жылғы 18 қазанда Алматы қаласында Әлемдік рухани келісім конгресінің бірінші сессиясында оған қатысушылар 18 қазан күнін Рухани келісім күні деп жариялауға үндеген болатын. Бұл күн – кикілжіңдер мен соқтығысуларға мораторий жариялайтын күн, бейбіт келісімге келу күні, қайырымдылық пен жақыныға қол ұшын беру күні болуына шақырған болатын. Содан бері 18 қазан Қазақстанда ұлттық мереке ретінде тойланып келеді.

«Қазақстан Республикасындағы Рухани келісім» – бұл ММУ Қазақстан филиалының жатақханасында «Достық– Дружба» орталығы өткізетін дөңгелек үстел аясында талқыланатын тақырып болды. Оның жұмысына Филиалдың «Экономика», «Математика» тағы басқа бағыттарда оқып жатқан студенттері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысында басты назар Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласын талқылауға аударылды. Мақалада Елбасымыз: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. ... Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын», – деп атап көрсеткен болатын.


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.