М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
20.10.2017

Филиал директоры, профессор А.В. Сидорович «Модернизация 3.0: Рухани жаңғыру» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты



2017 жылғы 20 қазанда Астанада Еуразиялық интеграция институты өткізген сарапшылық кездесулер сериясынан 2017 жылды аяқтаған «Модернизация 3.0: Рухани жаңғыру» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Конференция барысында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы талқыланды. Сонымен бірге қоғамдық сананы жаңғыртудың тұжырымдамалық проблемалары сөз етілді.

Конференцияның жұмысына 100-ден астам адам – ғылыми-сарапшылар қауымдастығының, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Филиалдың директоры, профессор А.В. Сидорович «Қазақстандық жаңа ұрпақ буыны және заманауи оқулық» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада аударылатын оқулықтарды іріктеу критерийлері мен заманауи білім беру мен сананы жаңғырту міндеттері тұрғысынан қойылатын талаптар жөнінде айтылды.


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.