М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
06.10.2017

Алматыдағы Күзгі русистика мектебі


2017 жылғы 5-6 қазанда Алматыда ХIV Күзгі русистика мектебі аясында алғашқы көшпелі семинар өткізілді. Бұл семинар М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы филология кафедрасының 10-жылдық мерейтойына арналады. Семинар Қазақстандағы орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының Ассоциациясы мен Қазақстандағы Россотрудничествоның қолдауымен өткізілді.

 

ХIV Күзгі русистика мектебінің өткізілген орны - № 38 М.В.Ломоносов атындағы Қазақстан-Ресей гимназиясы. ММУ Қазақстан филиалы ол гимназиямен көп жылдардан бері серіктестік қатынастар орнатқан. 1998 жылы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Декларацияға қол қойылған. Онда ортақ білім беру кеңістігін сақтай отырып, ұлттық білім беру жүйелерінің жақындасуы, бірікке оқу мекемелерін ашу қарастырылған болатын. Декларация негізінде № 38 мектеп-гимназияға «Қазақстан-Ресей гимназиясы» мәртебесі берілді.

Қонақжай мектеп-гимназияда 55 тілші мұғалімдерді жинады. Олар Алматы қаласының түрлі мекемелерінен келген еді (Н.Ә. Назарбаев атындағы Білім беру Қорының АлматыХалықаралық Мектебі, «Мирас» мектебі, лицейлер, гимназиялар, мектептер). Сонымен бірге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар мен әлемдік тілдер университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен оқытушылар қатысты.


[нақтырақ]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.