М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
15.01.2014

15 қаңтар күні «Сергектік пен денсаулық» спартакиадасының салтанатты түрде ашылуы болды


Veni  Vedi  Vici!

15 қаңтар күні «Еуразия» спорттық кешенінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлерінің «Сергектік пен денсаулық» спартакиадасының салтанатты түрде ашылуы болды. Бұл іс-шараға  М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының құрама командасы белсене қатысты.

Спартакиада шегінде небәрі он алты команда қатысады, олардың қатарында Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ әскери кафедрасының, ректоратының, халықаралық қатынастар, журналистика, жаратылыстану, әлеумметтік ғылымдар, ақпараттық технологиялар факультеттерінің, сондай-ақ сәулет-құрылыс, механика-математика, физика-техникалық, экономика және филология факультеттерінің құрама командалары және М.В.Ломоносов ат. ММУ Қазақстан филиалының командасы бар.

 Жарыстар спорттың мынадай түрлері бойынша өтеді: волейбол, шаңғы жарысы, үстел теннисі, шахмат, тоғыз құмалақ, мини-футбол, бильярд, кір көтеру, қол күресі, спорттық балық аулау және факультет декандары мен кафедра меңгерушілері үшін көңілді сөрелер. Спартакиада жыл сайын өтеді, мұндай жарыстар қатысушылар үшін ғана емес, төрешілер үшін де игі дәстүрге айналған. Биылғы жылы төрешілер алқасын Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ спорт клубының төрағасы А.Т.Ұранқаев бас төреші ретінде, Б.М.Ыдырысова бас хатшы ретінде және Е.К.Ченчалиов мүше ретінде басқарды.

Төрешілер алқасы алғашқы шешімін шығарып та үлгерді: 13 қаңтарда волейболдан жарыстар өтті. Волейболдан өткен спорттық сайыстарда Филиал намысын  Клюкина Е.И,  Бекмағамбетов К.А., Ташкеев Д.С., Полосин А.А., Омарова И.Г., Гижа Е.Н., Боздаев А.К., Қарымсақов Д.Б., Виногроцкий С.П. қорғады. Оқытушыларымызды алғашқы шағын жеңісімен құттықтаймыз және айдың соңына дейін өтетін жарыстарда жеңістерге жете беруіне тілектеспіз.

ММУ Қазақстан филиалы командасы қол күресінен (И.Г.Омарова, С.П. Виногроцкий), кір көтеруден (С.П. Виногроцкий), үстел теннисінен (Е.И. Клюкина, И.И. Лиховец, Ә.С. Арықбаева), шахматтан  (А.А. Полосин, Е.Д. Нұрсұлтанов, А. Табелинова) және қысқы балық аулаудан (В.В. Котляров, С.Ж. Абылқасова) жарыстарға қатысты.

31 балық ұстап бірінші орын алған біздің балықшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз!


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.