М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
20.10.2016

Мәскеу университетінің Қазақстандағы күндері: А.В. Бредихинның ҚР Ұлттық академиялық кітапханасындағы дәрісі


IMG_2876s.jpg Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының 15 жылдығына арналған Мәскеу университетінің Қазақстандағы күндері өтуде. М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры А.В. Сидорович өзінің кіріспе сөзінде Мәскеу университеті Тәуелсіз Қазақстан үшін жоғары білікті мамандарды мақсатты дайындауды Республика өз Тәуелсіздігін жариялаған алғашқы күндерден бастап жүргізіп келеді деп атап өтті. Мәскеу университетінің мыңдаған түлектері қазіргі Қазақстанның жетістіктері үшін зор үлес қосып келеді.

Мәскеу университетінің Қазақстандағы күндері аясында сан түрлі және сан тақырыптағы іс-шаралар өткізілуде.

2016 жылғы 20 қазан күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Әлем таулары – туризм мен рекреация ресурстары» тақырыпта профессор, г.ғ.д., РЖҒА мүшесі, Ұлттық туризм академигі, география факультеті деканының орынбасары, М.В. Ломоносов атындағы ММУ геоморфология және палеография кафедрасының меңгерушісі Андрей Владимирович Бредихин көпшілікке арналған дәріс оқыды. Дәрісті тыңдауға Қазақстан филиалы мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттары, докторанттар, студенттер шақырылды. IMG_2880s.jpg

А.В. Бредихин іргелі геоморфология саласындағы көптеген ғылыми еңбектердің авторы, сонымен бірге әлемнің аймақтарында жүргізілген ғылыми зерттеулердің қатысушысы болып табылады. Ғалым Альпіде, Гималайда, Андте, Кордильерде, Жаңа Зеландия, Исландия, Орта Азия, Қазақстан тауларында және әлемнің басқа да көптеген таулы аймақтарында болып қайтқан. А.В. Бредихиннің мазмұнды дәрісінде жердің жоғарғы қабат рельефінің рекреациялық-геоморфологиялық жүйедегі функциясы туралы, жүйенің осы түрінің ерекшеліктері кең түрде сөз етілді. Әлемнің түрлі аймақтарынан жинақталған және талдау жасалынған деректі материалдар рекреациялық-геоморфологиялық зерттеулердің қолданбалы бағытын негіздей келе, автордың түрлі экспедицияларындағы түсірілген фотосуреттермен қоса таныстырылды. Ғалым таныстырған әдістеме рельеф функциясын рекреациялық қызметінде зерттеудің маңыздылығын көрсетеді, бұл зерттеу қазіргі Қазақстан үшін маңызды болып табылады.

Дәрісінің соңында А.В. Бредихин студенттермен әріптестерінің көптеген сұрақтарына жауап берді. IMG_2869s.jpg


Мәтін: А.А. Мугалимова

Фото: В.С. Дехнич


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.