М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
12.09.2017

Орыс тілін өзгетілді аудиторияда оқыту бойынша Иванна Прокопованың Шеберлік-сыныбы


2017 жылғы 12 қыркүйекте М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында орыс тілін өзгетілді аудиторияда оқыту бойынша Иванна Прокопованың Шеберлік-сыныбы өткізілді. Шеберлік-сыныбы «Филология» («Өзгетілді аудиториядағы орыс тілі») бағдарламасымен оқитын филолог-магистранттарға арналды.

2012-2017 жж.. И.И. Прокопова А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік орыс тілі институтында (Мәскеу қ.) «Оқыту теориясы және тәрбиесі (орыс тілі шет тілі ретінде - РКИ)» мамандығы бойынша аспирантурада оқыған. Қазіргі кезде Филиалымыздың түлегі С. Пушкин атындағы Мемлекеттік орыс тілі институтында сабақ беруде, онда ол шет тілді аудиторияда сабақтар беруге маманданып, орыс тілін түрлі деңгейде білетін студенттермен жұмыс жасауда. Иванна Филиал магистранттарымен өзінің тәжірибесімен және кәсіби құпияларымен бөлісті. Практика жүзінде РКИ жүйесіндегі түрлі әдістер мен тәсілдерді көрсетті. Ресей мен Қазақстандағы көптілді аудиториялардың ерекшеліктерін атап көрсетті.

Шеберлік-сыныбы қорытындысында қонағымыз өзінің әріптестерінің сұрақтарына жауап беріп, таңдап алған кәсібінен табыстарға қол жеткізуі ұстаздарының арқасында екенін айтып, Филиалдағы өз оқытушыларына алғысын білдірді.


Мәтін: Анастасия Семенова

Фото: Дамир Карамсаков


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.