М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
04.09.2017

Филиал директоры Сидорович Александр Владимировичті мерейтойымен құттықтау


Мәскеу университетінің сайтындағы құттықтау

2017 жылдың 1 қыркүйегінде ММУ Қазақстан филиалының директоры Сидорович Александр Владимирович мерейлі 75 жасқа толды. Ол Филиалымызды сонау 2001 жылы алғаш ашылған күннен бастап басқарып келе жатыр. Александр Владимировичтің Филиалға сіңірген ерен еңбегінің нәтижесін Ресей мен Қазақстан басшылары жоғары бағалап, екі елдің мемлекеттік нагардаларымен марапатталды.

4 қыркүйекте Филиалда А.В. Сидоровичтің мерейтойына арналған профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлер ұжымының салтанатты мәжілісі болып өтті. Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Николаевич Бочарниковтың қатысуы да мерекенің мерейін үстем етті. Мерейтой иесінің атына Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының атынан, министрліктер мен ұйымдардың, Филиал түлектерінің атынан көптеген жылы лебіздер мен құтттықтаулар келіп түсті.

Өзінің құттықтау сөзінде М.Н. Бочарников бүгінгі мерейтой иесінің Қазақстан мен Ресейді арасындағы қарым-қатынастың дамуына қосқан ерен еңбегін ерекше атап өтті. Сонымен бірге мерейтой иесінің Қазақстанда Мәскеу университетінің өкілі болып отырған осы оқу орнының қалыптасуы үшін жасаған баға жетпес құнды еңбегіне де тоқталды. Ол Филиалдың Қазақстанның зияткерлік және ұйымдастырушылық жағынан қосып отырған үлкен үлестерін атап өтті. Филиалдың және оның басшысы А.В. Сидоровичтің жүйелілікпен жүргізіп келе жатқан жұмыстарының Қазақстан мен Ресей халықтарының өзара түсіністігі мен достығының нығаюына бағытталған іс-шаралардың да өзіндік орны ерекше деп атап көрсетті.


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.