М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
04.09.2017

Бірінші курстықтар күні – 2017


2017 жылғы 4 қыркүйекте Л.Н. Гумилёв атындағы ЕҰУ-дің ОЛК-нің акт залында студенттік билеттерді салтанатты тапсыру рәсімі өтті.

Білім Күнімен 1-ші курстың студенттері мен магистранттарын М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры А.В.Сидорович, директордың орынбасарлары Т.Г. Котлярова мен А.О. Саулебеков, сонымен бірге президиум құрамына енген кафедралардың өкілдері О.Р. Мартанус, Е.Д. Нұрсұлтанов, Г.И. Власова, Р.Ж. Абдильдина, С.К. Жалбинова құттықтау сөз сөйледі.

ММУ Қазақстан Филиалында Білім Күні ММУ ректоры, академик Виктор Антонович Садовничийдің құттықтауымен басталды. Құттықтау сөзін Александр Владимирович Сидорович оқып берді. Құттықтауда: «Құрметті бірінші курстықтар! Сіздерді М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің студенттік корпорациясының қатарына қабылдануларыңмен құттықтаймын. ММУ – ғылым мен мәдениеттің жетекші орталығы, сіздерге ең тамаша, ең үздік профессорлар мен оқытушылардан дәріс алу бақыты бұйырды. Осындай ұстаздардың жетекшілігімен және заманауи технологиямен сіздер ғылыммен шұғылданып, сіздердің бүкіл өмірлеріңізге Alma mater атанатын тамаша университет қабырғасында студенттік жылдарды өткізесіздер. Мен сенемін, сіздер – студенттердің жаңа буыны – Мәскеу университетінің дәстүрлерінің лайықты ізбасарлары боласыздар».

 

[нақтырақ...]



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.