М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
26.08.2017

ММУ Қазақстан филиалындағы «Мәскеу-Астана» Форумы


2017 жылғы 25-26 тамызда Астанадағы Мәскеу күндері аясында Елорадамызда «Мәскеу-Астана» Халықаралық мәдени-гуманитарлық форумы болып өтті. Форумның өткізу алаңы әулие Кирилл мен Мефодий атындағы Астаналық мәдени-рухани орталық пен М.В.Ломоносов атындағы МГУ Қазақстан филиалы болды. Форум Мәскеу қаласының сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар Департаменті қолдаумыен өткізілген болатын.

Мақсаты Ресей мен Қазақстанның мәдени-білім беру байланыстарының нығаюы деп аталатын бұл Форум, Мәскеу қаласының мерейтойы мен екі мемлекеттің дипломатиялық қарым-қатынасының 25 жылдығына арналды. Форумға Ресей мен Қазақстанның ғалымдары мен саясаткерлері, Мәскеу қаласының үкіметі мүшелері, мәдениет қайраткерлері, рухани сала өкілдері, ЖОО мен мектеп оқытушылары мен мұғалімдері, сонымен қатар, ММУ ҚФ қызметкерлері, студенттері мен магистранттары қатысты.

Форумда Пленарлық мәжіліс пен секциялық мәжілістер өткізілді. Ашылу салтанатында «Московский Дом соотечественника» ГКУ директорының орынбасары В.О. Курнушко, Мәскеу қаласының сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар Департаменті директорының орынбасары И.П. Ткач және Высокопреосвященнейший Владыка Александр, Астана және Қазақстан Митрополиті қатысты. Форумда Астана қаласының Білім басқармасының атынан Басқарма басшысы А.К. Жанғозин, ММУ Қазақстан Филиалының түлегі, қошеметпен сөз сөйледі,

Филиал мәжілістердің өткізілуі мен жалпы ұйымдастыруына белсенді қатысты.


[нақтырақ]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.