М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
08.11.2016

Профессор Г.Е. Кедрова филология мәселелеріне арналған ғылыми-практикалық семинарында баяндама жасады


2016 жылғы 8 қарашада М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында филология мәселелеріне арналған ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинарда Мәскеу универистеті филология факультетінің профессоры Г.Е. Кедрова баяндама жасады. Семинарға Филиалдың профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері қатысты.

Г.Е. Кедрова рейтингі жоғары басылымдарда ғылыми жұмыстарды жариялаудың кейбір қырлары туралы түсіндіріп өтті. Баяндамашы ғалымдардың белгілі бір салаға сіңірген еңбегін бағалаудағы және зерттеушінің жұмысының жемістілігін көрсететін Хирш индексін есептеу туралы айтып берді. Сонымен қатар, Г.Е. Кедрова ғылыми журналдардың импакт-факторларын анықтауға назар аударды және кейбір жауапкершілігі төмен басылымдарда жариялаудан аулақ болу туралы ұсыныстар берді.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.