М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
15.11.2016

Филиал оқытушылары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын дамыту бойынша дәрістер жүйесіне қатысты


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай


IMG_8417s.jpgҚазақстанда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық акті қабылданды. «Мәңгілік Ел» идеясы қазақстандық қоғамның барлық деңгейін шабыттандырып, қоғамда кең резонанс туғызды.


2016 жылғы 15 қарашада Астана қаласында «Қазмедиа Орталығы» ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының басшылығымен, «Қазақстандық сәйкестілікті нығайту, ұлтаралық келісім және қоғамның тілдік мәдениетін жоғарылату» мемлекеттік грант аясында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын дамыту бойынша дәрістер жүйесі өткізілді.

Лекторийдің мақсаты – қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінің ерекше тәжірибесін кең насихаттау.

Бұл шараға ҚР Парламенті депутаты, ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық интеллигенттер, ұлттық мәдени бірлестіктер өкілдері, волонтерлік және жастар бірлестіктері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, магистранттары мен студенттері қатысты.

Іс-шара аясында Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар мен халық бірлігін одан әрі нығайтуға бағытталған өзекті міндеттерді талқыланды.

 

[нақтырақ...]



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.