М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
22.12.2016

Филиалда Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество Өкілдігінде II Қысқы русистика мектебі – қазақстандық тілші-мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру курсы өткізілді


Қысқы русистика мектебі


Жаңа жыл қарсаңында М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество Өкілдігінде II Қысқы русистика мектебі – қазақстандық тілші-мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру курсы өткізілді.

20-22 желтоқсанда өткізілген«Қазақстанда орыс тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы қысқы русистика мектебі М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы филология кафедрасының профессоры Т.В. Кривощапова жетекшілік етуімен Күзгі русистика мектебінің жалғасы ретінде екінші рет өткізілді. Екінші Қысқы мектеп Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына және М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалына 15 жыл толуына арналды. Қысқы мектепте Мәскеу университетінен келген және Филиал оқытушылары - – ММУ орыс әдебиеті тарихы кафедрасының доценті В.Л. Коровин, ММУ ҚФ филология кафедрасының профессоры Т.В. Кривощапова, ассоциялы профессор Т.Г. Котлярова, профессор Г.И. Власова, доценттер Г.П. Байгарина мен С.М. Треблер, және жас оқытушы - әріптестер ММУ ҚФ филология кафедрасының оқытушылары М.А. Брянская, А.М. Чепкова, А.В. Семенова баяндама оқыды.

 

[нақтырақ...]



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.