Филиалымыздың студенттері - Республикалық студенттік филологиялық олимпиаданың жеңімпаздары !


2026 жылғы 29-30 сәуір күндері Торайғыров университетінде (Павлодар қаласы) «6B020302 Орыс филологиясы» білім бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік олимпиада өтті. Бұл Олимпиадаға еліміздің бес университетінен келген бес команда қатысты. Олар - Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ҰЗУ, М.Әуезов атындағы ОҚУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы.


Олимпиадаға ММУ Қазақстан филиалынан филология мамандығы бойынша 2-курс студенттері қатысқан болатын. Олар - Аделина Граблева, Елена Накоскина, Варвара Чайковская. Команданың жетекшісі - филология кафедрасының оқытушысы Н.С. Афанасьева.


Олимпиада барысында орыс тілі мен орыс әдебиеті бойынша екі жазбаша тур өткізілді. Сонымен бірге олимпиада қатысушылары өз университеттерінің атынан шығармашылық таныстырылым байқауына қатысты.


Аталған екі интеллектуалдық турдан соң ММУ Қазақстан филиалының командасы бәсекелестерінен 150 ұпай артық жинап, ерекше жеңіске жетті.

Осылайша Филиалымыздың командасы Олимпиадада бірінші орынды иеленді.

Олимпиададағы жекелей жарыста да Филиал студенттері үздік нәтиже көрсетті. Бұл жекелей жарыстарда Аделина Граблева бірінші орынға ие болды. Ал Елена Накоскина мен Варвара Чайковская екінші орынды иеленді. Аделина Граблева орыс әдебиеті бойынша турда үздік нәтижеге қол жеткізсе, Елена Накоскина орыс тілі бойынша турда ең жақсы нәтижелерге ие болды.

 

Филиалымыздың жақсы атын шығарған осы студенттерімізді айшықты жеңісімен құттықтаймыз! Оларға оқуда үздік болып, ғылыми ізденістерде үлкен жетістіктерге қол жеткізуін тілейміз!