ММУ Студенттер үйіне - 10 жыл!


2026 жылғы 24 сәуірде Студенттер үйінің алдында студенттер, оқытушылар және қызметкерлердің қатысуымен ММУ Студенттер үйінің 10 жылдығы мен ММУ Қазақстан филиалының 25 жылдығына арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Қатысушылар алдында құттықтау сөзімен Филиал директоры ММУ Құрметті профессоры Александр Владимирович Сидорович сөз сөйледі. Директор өз сөзінде 2015 жылы Мәскеу университетінің ректоры академик Виктор Антонович Садовничий осы ММУ Студенттер үйінің ашылуына қатысқанын еске түсірді. Сонымен бірге Директор арада өткен он жылда Қазақстан филиалының жатақханасы студенттер мен магистранттар үшін нағыз шаңыраққа – танысу, қатысып-араласу, шығармашылық және маңызды кездесулер өткізетін орынға айналғанын атап өтті.



Мерекелік бағдарлама Филиалдың мерейтойына арналған шығармашылық байқаулардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімімен басталды. Таланттар байқауының, поэзия байқауының және бейнероликтер байқауының ең үздік қатысушылары марапатталды.

Концерттік бағдарлама студенттер мен магистранттардың айшықты өнерлерімен әсерлі бола түсті. Мұнда вокалдық әндер мен мың бұралған би, сондай-ақ аспаптық композициялар өнер маржандарынан шашу шашты. Би аэробикасы байқауы жеңімпаздарының өнері көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Олардың заманауи және классикалық би үлгілерінен өнер көрсетудегі жастық жалын мен шаттық қуаныш атмосферасы мерекені қыздыра түсті.

      


 

Мерекелік іс-шара спорттық эстафеталарға ұласты. Оның соңында керемет тіл үйірер дәмге толған дастарқан жайылды.

Бұлардың барлығының үйлесімі осы айтулы мерекенің бірлік пен көңілді атмосферасын қалыптастырды.

ММУ Студенттер үйін мерейтойымен құттықтаймыз!

Фото: В. Колесникова