Филиалдың мерейтойлық жылындағы география апталығы



Экология және табиғатты пайдалану кафедрасында 16-20 наурыз аралығында Филиалдың 25 жылдығына және кафедраның 20 жылдығына арналған География апталығы болып өтті. Апталық аясында ашық дәрістер оқылып,  пікірталастар өткізілді, интерактив іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл жұмыстардың барлығы студенттердің, оқытушылардың, түлектердің басын қосып, бірлесе орындаған игі іс-шаралар болды.

16 наурызда «Big-4-гі  ESG деген не?» тақырыбында ашық дәріс өткізілді. Дәріс оқығандар: KPMG Caucasus and Central Asia тұрақты даму тәжірибесі менеджері Сунгат Камиля (2019 жылғы түлек) және ESG 3-ші кеңесшісі Азиза Сұлтанова (2024 жылғы түлек) болды. Дәріс барысында ESG-бағыттарының көрсететін негізгі қызметтері ұсынылды. Атап айтқанда, климаттың жаһандық өзгеруінің көрнекі мысалдары, соның ішінде табиғи жүйелердің температура мен жауын-шашынның өзгеруіне деген реакциясы қарастырылды және геоақпараттық жүйелерді (GIS) пайдаланудың практикалық кейстері көрсетілді.

17 наурызда экология және табиғатты пайдалану кафедрасының доценті және география ғылымдарының кандидаты Владимир Сергеевич Дехнич «Географиялық зерттеулерде ЖИ және ірі тілдік модельдерді қолдану» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрісте келесідей өзекті тақырыптар қарастырылды:

• қазіргі заманғы географиялық зерттеулердегі жасанды интеллектінің рөлі;

• география мамандары үшін бағдарламалау және вайб-кодинг дағдыларының қажеттілігі;

• оқу іс-әрекетінде ЖИ-ді қолданудың этикалық қырлары;

• ірі тілдік модельдермен тиімді жұмыс істеу принциптері;

• ЖИ-ді қолданудағы  тәуекелдер мен шектеулер.

18 наурызда физикалық география және ландшафттану кафедрасының доценті, география ғылымдарының докторы Александр Владимирович Хорошев «Мұхиттан қашықта: Орталық Азияның табиғаты» тақырыбында ішкі континенталдық аумақтардың табиғат жағдайлары мен ландшафтыларының ерекшеліктеріне арналған  дәріс оқыды.

20 наурызда – GeoGuessr ойыны- интерактивті іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Қатысушылар Google Street View сервисінен алынған панорамалық суреттер бойынша әлем картасынан орындарды анықтап, географияда өз білімдерін, бақылау дағдыларын және командалық жұмыс орындау дағдыларын көрсетті.