ММУ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫНЫҢ КОМАНДАСЫ - METRICON 2.0 ЭКОНОМЕТРИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Биыл Филиалдан бұл байқауға екі команда қатыстырылды. Олар бірінші және екінші орындарды иеленіп, керемет нәтижелер көрсетті. Statistically Significant командасы жеңімпаз атанды, оның құрамында «Экономика» бағытының 4 курс студенттері, атап айтқанда, А. Багдатов, Н. Блохин, А. Девяткина, Д. Мартыневская және Б. Сейтеналы болған еді. Екінші орынды Филиалымыздың «Datathink» командасы иеленді. Оның құрамына жоғары курс экономистері Т. Гобина, В. Никитенко, Т. Оспанов және Т. Салыгина болды.. Metricon 2.0 эконометрикалық хакатоны екі кезеңде өтті.
Бірінші кезеңде қатысушылар эконометрика бойынша білімін тексеруге бағытталған 15 сұрақтан тұратын викторинаны орындады. Оның нәтижесі негізінде Назарбаев университетінде өткен күндізгі турға қатысатын командалар анықталды.
Екінші кезеңге 25 команда шықты. Олардың ішінде ММУ Қазақстан филиалының екі командасы да болды. Күндізгі тур 12 сағатқа созылды және онда эконометрикалық модельдерді қолдана отырып қолданбалы есептерді шығару, сондай-ақ алынған нәтижелерді түсіндіру тапсырмалары орындатылды. Бұл кезеңнің алғашқы кезеңнен айырмашылығы, мұнда математикалық және экономикалық әдістерді тереңірек қолдану керек болды, сонымен қатар экономикалық түсініктеме жасау дағдыларын көрсетуі талап етілді.
Екінші кезеңнің нәтижесі бойынша командалар шешуші сәтке – жобаларды қорғауға шақырылды. Байқаудың соңғы бөлігінде қазылар алқасы мықты деген 10 шешімді тыңдады.
Қазылар алқасының құрамында елорданың талдау орталықтарының жетекші сарапшылары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мамандары қатысқан еді.
Осындай деңгейдегі байқауда жеңіске жету маңызды оқиға болып саналады және ММУ Қазақстан филиалы өзінің іргелі оқытуды және жоғары деңгейлі мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін білім беретін жетекші орталықтардың бірі екенін танытты. Ең маңыздысы, біздің студенттеріміздің өткен жылғы жеңіс дәстүрін жалғастыра алғаны болды. Осылайша, академиялық жетістіктердің тұрақтылығы мен сабақтастығын дәлелдеді.
Бұл жеңіс - Филиалдың құрылғанына 25 жыл толуына арналған сыйлық және студенттердің сапалы дайындығының сапасының жарқын көрсеткіші !
ММУ Қазақстан филиалының командаларын осынау тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз және оларға табыс тілейміз!